- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Германия ЕАЭО аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесін талқыға салды
Қазақстан мен Германия ЕАЭО аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесін талқыға салды
«Сапарды ұйымдастырудағы басты мақсат – екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау және мемлекеттік қаржы жүйесі қызметі бойынша тәжірибе алмасу болып табылады»,-делінген хабарламада.
Қазақстандық делегация құрамында Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков, Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина, Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Ерлан Сағадиев, «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының басқарма мүшесі Қаныш Төлеушин, сонымен қатар министрліктер мен ведомстволардың, даму институттарының жауапты мамандары бар.
Бейсенбі күні Бақытжан Сағынтаев Германияның бірқатар ресми тұлғалары мен жекелеген компания өкілдерімен және басшыларымен кездесті. Кездесуде инвестициялық ынтымақтастық мәселесіне қатысты кең ауқымда пікір алмасылды және германиялық компаниялардың Қазақстандағы қызметі бағытында нақты жобалар талқыланды.
Германияның жетекші экономикалық бірлестіктері мен ірі неміс компаниялары өкілдерінің қатысуымен өткен «ЕАЭО аясындағы неміс бизнесінің Қазақстандағы мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел отырысында Б.Сағынтаев Германияның іскерлік топтарын «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен ЕАЭО аясындағы неміс компаниялары мен бизнесі үшін тиімді басым бағыттар мен мүмкіндіктер жөнінде ақпараттандырды. Қазақстандық тарап германиялық бизнесмендердің сауалдарына нақты жауаптар берді.
Өз кезегінде Германияның іскер топтары Қазақстанда шетелдік инвестициялардың көптеп келуіне қажетті салмақты құқықтық және институцоналдық база жасалғандығын айтты. Олар сонымен қатар, немістер тек Қазақстанның шикізатына ғана қызығып қоймай, ел экономикасының жаңа перспективалы бағыттарына да қаржы салуға дайын екендіктерін білдірді. Олардың айтуларынша, соңғы уақытта айтарлықтай ұлғайған еуразиялық кеңістік Қазақстанды неміс инвестициялары үшін аса тартымды етіп отыр. Мұндай жағдайда Германия Қазақстанның индуриализацияландыру үдерісінде мықты тірек бола алады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды