- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде Жеңістің 70-жылдығына арналған акция аясында ардагерлерге ақшалай сыйлық табысталды
Ақтөбеде Жеңістің 70-жылдығына арналған акция аясында ардагерлерге ақшалай сыйлық табысталды
Ағымдағы жылдың наурыз айының 2-сі күні акция өз бастауын алып, 70 түрлі іс-шара 2 наурыз – 9 мамыр аралығында жүргізіліп келеді. Акция барысында мерекелік және қайырымдылық іс-шаралармен қатар Ақтөбе қаласы бойынша тізімге алынған 132 соғыс ардагерлерін мерекелік шараларға қатыстырып, құттықтау, Қалалық білім бөлімі тарапынан ақшалай сыйақы тапсыру ұйымдастырылып, осы бағыттағы жұмыс ардагерлерді үйлерінде құттықтау шарасымен жалғасын тапқан болатын.
Бүгінде қаламыздың тұрғыны Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің ардагері Уразғалиева Ажар апайды құттықтауға Қалалық білім бөлімінің басшысы Л.Уразбаева Қарғалы қазақ орта мектебінің ұжымымен құттықтауға барды.
Уразғалиева Ажар 1924 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1942 жылы майданға өз еркімен аттанған. 1942 жылы 416 дивизия құрамында Курск майданында соғысқа кірген. Арт полкінде зеңбірекші болған Ажар апай Киевті азат етуге, 1944 жылы 430 дивизия құрамында Румынияны азат ету шайқасына, 1945 жылы Берлинді алу шайқасына қатысып, жеңісті сонда қарсы алған.
Марапаттары: «За освобождение Киева», «За освобождение Белорусий», «За освобождение Курска», «Победа над Германией». Соғыстан кейінгі жылдары кеңес үкіметінің медальдарымен наградталған.
Соғыстан кейін Атырау қаласындағы техникумның кафедра меңгерушісі, бала бақша меңгерушісі болып қызмет жасаған. 1972 жылы мұнай саласына ауысқан. Мұнай саласында жабдықтау бөлімін басқарған.Уразғалиева Ажар10 баланың анасы.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері