ҚР Парламент Мәжілісінің жаңартылған сайты жұмысын бастады

10 Сәуір, 2015 12:28
ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңартылған ресми сайты: жұмысын бастады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

«Жаңа мүмкіндіктер және функционалдар бар жаңғыртылған дизайн жасалып, сайттың құрылымы өзгертілді. Сайттың жаңғыртылған платформасы көрнекі және пайдалануға ыңғайлы етіп жасалды.   Енді Мәжіліске түскен заң жобалары мен олардың қаралуына қатысты ақпаратқа кез-келген адам қол жеткізе алады», - делінген хабарламада.

Материалдардағы фотосуреттерді ондағы бейнені жай ғана басу арқылы жоғары рұқсатты мүмкіндікпен көруге болады.  

Жаңа дизайн арқылы кез-келген мобильді құрылғыларды пайдалануға болады, веб-парақшалар түрлі форматтарға және экранның кез-келген диагнолына бейімделе алады (смартфон, планшет, ноутбук және т.б.). Сондай-ақ, нашар көретін адамдарға арналған нұсқасы әзірленді.  

Кілт сөзі бойынша қызықтырған кез-келген ақпаратты табуға болатын іздеу жүйесі қосылды. 

Депутаттың жеке парағы сайт қолданушысына Мәжіліс депутаттарының қызметіне байланысты толыққанды ақпарат алуға,  сондай-ақ, депутатқа өтініш жазуға мүмкіндік береді,

Жаңартылған сайтта Мәжіліс қызметімен алыс шетел тұрғындарының танысуына жол ашатын ағылшын тіліндегі нұсқасы да дайындалды.

Сонымен қатар, жаңа енгізілімдер қолданушыға парламенттік сайттан тікелей Мәжілістің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунтарына өтуіне мүмкіндік береді. Енді онлайн режимінде өз аккаунтында танымал әлеуметтік желілерде қызықты жаңалықтармен бөлісуге болады.

 


 

Барлық жаңалықтар