- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл сайын өтетін «Балауса» әдеби бәйгесінің қорытындысы шығарылды
Жыл сайын өтетін «Балауса» әдеби бәйгесінің қорытындысы шығарылды
«Мемлекеттік тілдегі қазіргі заманғы балалар әдебиетінің дамуына атсалысуға бағытталған дәстүрлі бәйге 2012 жылғы 2 сәуірде, яғни Халықаралық балалар кітабы күні жарияланған еді. Бәйгенің негізгі мақсаты - балалар əдебиетіне қолдау көрсету арқылы бүгінгі заман талабына сай шығармалардың жазылуына ықпал ету, сол арқылы балаларды қаршадай кезінен өз ұғымдарына лайық əдеби туындылармен молынан сусындатып, туған елге, ата-анаға, дос пен бауырға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, ұлтжанды, өнегелі, білімқұмар болып өсуіне негіз қалау», - деп хабарлады Қазақстандық баспасөз клубы.
Биыл үміткерлердің шығармалары 2015 жылдың 15 ақпанына дейін қабылданды. «Балауса» бәйгесінің ережелері мен шарттары қазақ тілінде шығатын республикалық және аймақтық баспасөз беттерінде жарық көрді. Бәйгеге елге танымал жазушылар да, әуесқой авторлар да қатысты. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Қазақстан Жазушылар одағының өкілдерінен құралған әділқазылар алқасы 210 автордан келіп түскен 250-ден астам шығарманы қарап шықты.
«Қазақмыс әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды қолдауға бағытталған белсенді қызметімен қатар, еліміздің мәдени мұрасын мен қазақ тілін қолдап, ілгерілетуге белсенді түрде атсалысып келеді. Осы бастамалар Қазақмыс корпорациясының корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі бағдарламасында көрініс тапқан. «Балауса» – сол жобаларың бірі және біз бұл бәйге көпшіліктің балалар әдебиетіне деген қызығушылығын арттырып, ұлттық мәдениетті дамытуға, келешек ұрпақты тәрбиелеуге және қазақ тілін одан әрі өркендетуге қомақты үлес қосады деп сенеміз. Қаламгерлердің, студенттердің, жоғарғы оқу орындары оқытушыларының және жалпы творчество өкілдерінің қызығушылығы осынау игілікті дәстүрді жалғастыруымызға түрткі болды», – деп мәлімдеді «Қазақмыс» корпорациясы Филиалының Вице-президенті Аскар Маткенов
Үздік деп танылған туындылардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталады, ал олардың еңбектері республикалық басылымдарда жарық көреді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды