- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада ардагерлер ұлықталды (Фото)
Қызылордада ардагерлер ұлықталды (Фото)
Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жеңістің 70 жылдығын өздерінің мерейтойымен ұштастырған бір топ қала ардагерлерін құттықтап, болашақ ұрпаққа сыйлаған бейбіт заман, еңбектегі теңдесі жоқ ерліктері үшін алғысын білдірді.
«2015 жыл – ТМД елдерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және Ардагерлер жылы болып жарияланғаны белгілі. Қар жастанып, мұз бүркеніп, қан кешіп, бар қиындыққа төзіп, жер жаһанға бейбітшілікті өз қолымен сыйлаған майдангерлерге қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Қазақта «Қос тойың қабат болсын, екі өмірің абат болсын» деген қанатты сөз бар. Сол айтқандай ардагерлеріміз биыл екі қуанышты қатар атап өтпек. Бірі - Жеңістің 70 жылдығы болса, екіншісі - 95 және 90 жылдық мерейтойларын бала-шаға, ағайын-туыстың ортасында қарсы алады», - деген аймақ басшысы ардагерлерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі.
Салтанатты шараға келген 12 ардагерге шапан жауып, «Жеңістің 70 жылдығы» медалін және ақшалай сертификат табыстады.
Шара барысында Қызылорда қалалық №2019 әскери бөлімінің үрмелі аспаптар оркестрі соғыс жылдарындағы әндерді ойнап, қаладағы 41 ҰОС ардагерлерінің фотосурет және соғыс жылдарындағы заттарынан экспонат көрме ұйымдастырылды. Осы шара Жеңіс күніне орайластырып, ардагерлердің құрметіне барлық елді мекендерде өтетін мерекелік айлықтың ресми басталуы болмақ.
Айта кетейік, облыста қазір 92 ҰОС ардагері бар. Соның 9-ы Жеңістің 70 жылдығына орай Астана қаласында өтетін шеруге қатысады.
-
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Ұлы Отан соғысы ардагерлерiн әлеуметтiк қолдау шаралары -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Коммунистік партия ауған соғысы ардагерлерінің мәселесін көтерді -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Волонтерлар ардагерлерге көмек көрсетуде
-
Мақтаарал: Ардагерлер кеңесі елге үндеу жариялады -
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды – Президент -
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден төленеді -
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)
-
Жол жабық. Елорда маңындағы аудандардағы блок бекеттердің жұмысы (ФОТО)