- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық әскери оқу орнының курсанттары Мәскеуде өтетін парадқа қатысады
Қазақстандық әскери оқу орнының курсанттары Мәскеуде өтетін парадқа қатысады
Осыдан 70 жыл бұрын, 1945 жылы Ұлы Отан соғысында фашистерді ойсырата жеңген аға-апаларымыз Жеңіс күні дәл осы алаңда сап түзеп адымдаған болатын. Әскери оқу орнынан 74 үздік курсант іріктеліп алынды. Қазіргі уақытта курсанттар Алматыдағы тұрақты орналасқан пунктерде жаттығу жүргізуде.
Курсанттар сәуір айының соңында олар Мәскеуге барып, ресейлік әскери қызметшілермен бірге жаттығуларға кіріседі. Ағымдағы жыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған айтулы жыл. ҚР Қорғаныс министрілігі мерейтойды атап өту аясында ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруда. Олар әскери-патриоттық акциялар, құрмет көрсетулер, байқаулар және басқаларды қамтиды.
Жеңіс мерейтойын мерекелеудің шарықтау шегі әскери парадпен жалғасады. «7 мамыр күні «Қазақ елі» Монументінде ҚР ҚК бүкіл тарихындағы ауқымы жағынан теңдесі жоқ ең ірі әскерлер парады өтеді. Парад біздің армияның, қоғамның, Қазақстан халқының жауынгерлік қуатын, бірлігін және тұтастығын көрсете отырып, егеменді еліміздің мызғымас бейнесін айқындай түседі.
Қазіргі уақытта парадқа қатысушылар, қару-жарақтар мен әскери техникаАстана маңындағы базаларға орналастырылған. Бүгінде әскерилердің сапты қрамы күн сайын жаттығулар өткізсе, ал 20 сәуірден бастап механикаландырылған лектер жаттығуын бастайды.
Басты репетицияның өтуі 2,4 және 5 мамыр күндері жоспарланып отыр. Бұл репетиция ҚР Қорғаныс министрі мен ҚР ҚК Бас штабы бастығының қатысуымен өтеді», - деп атап өттіҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев. ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад арқылы ардагерлерге, майданда қаза болған жауынгерлерге және ұрыс даласынан аман-есен оралған жерлестірімізге деген құрметті білдіреді.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр