- Басты
- Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросын «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық жұмысы туралы ақпараттандырды
Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросын «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық жұмысы туралы ақпараттандырды

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, қазақстандық делегация «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық жұмысы және жоспарлары туралы ақпарат берді.
«ЭКСПО-2017» Комиссары халықаралық қатысушыларды жұмылдыру бойынша жұмыс барлық деңгейде және бағытта атқаралып жатқанын айтып, оның Еуропа және Азия елдеріне сапарлары, көрменің құқықтық негіздемесі мен көрме тақырыбын ірі халықаралық алаңдарда ілгерілетудегі ақпараттық-имидждік науқан туралы атқарылған жұмыс бойынша баяндама жасады.
Р. Жошыбаев көрменің дайындық жұмысы Мемлекет Басшысының тікелей бақылауында екенін жеткізіп, қазақстандық тараптың Көрмені сапалы дайындау мен өткізу бойынша барлық тиісті шараларды жүргізіп жатқандығын мәлімдеді.
Сонымен қатар, отырыс барысында көрменің мастер-, контент- және коммуникациялық жоспарлары таныстырылды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Вера Кобалия құрылыс жұмыстарының жағдайы мен компанияның алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді.
Отырыс қорытындысы бойынша, Атқарушы комитеттің басшылығы мен мүшелері «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындық деңгейіне оң баға берді.
Атқарушы комитет мүшелері, сонымен бірге, 2015 жылы Миланда, 2016 жылы Анталияда, 2019 жылы Пекинде және 2020 жылы Дубайда өтетін көрме өкілдерінің дайындық бойынша есептерін тыңдады.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін 3 айға созылады. Көрмеге 100-ден аса мемлекет, 10-нан аса халықаралық беделді ұйымдар мен инновациялық технологиялар саласындағы көшбасшы компаниялар қатысады деп күтілуде. Бүгінгі күні 21 мемлекет және 3 халықаралық ұйым Астанадағы көрмеге қатысатындығын ресми түрде растады.
-
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ
-
Қазақстандағы эпидахуал: ауру жұқтырғандар көрсеткіші, вакцинациялау науқаны, бизнеске арналған мобильді қосымша
-
61 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы аннуитеті шартына қол қойған
-
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді
-
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал
-
Вирусты аурулардың алдын алу, иммунитетті көтеру және постковидті асқынулар туралы не білу керек
-
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді
-
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер
-
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар
-
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды
-
Мессенджерлердегі зейнеткерлік жасты төмендету туралы ақпарат жалған
-
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады
-
Президент тапсырмасы: Қазақстан үкіметі қандай шараларды қолға алды
-
Қазақстанда халықты вакцинациялаудың бipiншi күнi қалай өттi

