• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Жас Отан» Жастар қанаты «Жаңа буынның жетістік жолы «Жастар-Отанға!» бағдарламасын қабылдады

«Жас Отан» Жастар қанаты «Жаңа буынның жетістік жолы «Жастар-Отанға!» бағдарламасын қабылдады

10 Сәуір, 2015 09:21
Тәуелсіздік Сарайында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс ІІІ Съезі өтті, деп хабарлады "Нұр Отанның" баспасөз қызметі.

Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен келген 2000 делегат қатысты, олардың ішінде «Жас Отан» Жастар қанатының өңірлік филиалдарының өкілдері, жастар ұйымдарының лидерлері, шығармашыл, ғылыми, жұмысшы және ауыл жастарының өкілдері, әйгілі қазақстандық спортшылар, мәслихат депутаттары және басқалары бар. 

Съезд шеңберінде қатысушылар «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы жастардың рөлін талқылады, «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын қабылдады және Жастар қанатын ребрендингтауды аяқтағандары туралы хабарлады. 

Съезде «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 жылға дейінгі «Жаңа буынның жетістік жолы «Жастар-Отанға!» бағдарламасы қабылданды, ол «Қазақстан-2050» Стратегиясын табысты жүзеге асырудағы жасотандықтардың келешектегі іс-қимылдарының идеологиялық бағдары болады. 

«Бағдарлама – ол партия мен «Жас Отанның» жүктемелеріне сәйкес келетін, жастардың кешендік нақты шаралары. Бағдарламада бүгінгі күні Қазақстан әлемдегі жетекші елдердің арасында 27 орын алатын, БҰҰ-ның жастар дамуының халықаралық Индексінің сапалы көрсеткіштері пайдаланылған. Құжат негізінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұр Отан» Партиясы Доктринасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасында көрсетілген құндылықтар  жатыр. Патерниализмнен жастардың өз тағдыры мен ел болашағына деген белсенділігі мен жауапкершілігін қолдауға қарай екпін ауды», - делінген хабарламада.

 Съезде өзінің құттықтау сөзімен «Жас Отан» ЖҚ атқарушы Хатшысы Нұрлан Сыдықов қатысушыларға 2012-2015 жылдардағы «Жас Отанның» жасаған жұмыстары туралы баяндап берді.  

Атап айтсақ, бүгінгі күні жасотандықтардың қатарында 170 мыңға жуық жастар бар, бұл бүкіл еліміздегі жаңа буын санының 3,8% құрайды. 

Партияның Жастар қанатының қызметі 14 облысты, Алматы мен Астана қалаларын қамтиды. «Жас Отан» 37 қалалық, 170 аудандық филиалдан және 1700 бастауыш ұйымдардан (олардың ішінде 200 астам бастауыш бөлімдер өндіріс кәсіпорындарында тірек тапқан) тұрады. 

Жасотандықтар қызметін қорытындылай келе, қатысушыларға 2012 жылдан бері іске асырылған республикалық ірі жастар жобалары туралы әңгіме айтылды.

«Екі жылда «Сәтті қадам» жобасы 25 000 жуық адамды қамтыды, оған еліміздегі 240 ірі жұмыс берушілер тартылды. Біз жобаға қатысуға ниет танытқан 3000 астам өтініш алдық, олардың ішінде 1000 адам мемлекеттік органдар мен ең беделді ұлттық компаниялардан үш айлық тағылымдамадан өту мүмкіндігін алды»,- деп хабарлады өз есебінде Нұрлан Сыдықов. 
 

Барлық жаңалықтар