• Басты
  • Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ға келді

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ға келді

9 Сәуір, 2015 20:06
Еліміздің барлық аймақтарындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары мектеп медиа-форумы аясында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне келді.

Оқушылармен кездесу барысында ұйымның мақсаттары мен ОКҚ қызметкерлерінің міндеттері туралы  айтылды. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Ержан Бабақұмаров форум қатысушыларына ұйымның басты міндеттерін айта, оның негізгі мақсаты  мемлекеттік органдар қызметінінің ашықтығын арттыру және мемлекеттің жұмысы туралы қоғамды көбірек ақпаратпен қамтамассыз ету үшін  құрылғандығын атап өтті.

Хабарланғандай, оқушылар Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын өткізу туралы баспасөз мәслихаттына қатысты. Баспасөз конференциясынан кейін, оқушылар республикалық телерадио кешендерінің студиялары мен түсірім павильондарын аралап, Қазақстанның жетекші журналистерімен жүздесті. Журналистер өз кезегінде балаларға заманауи медиа-индустриа саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Экскурсиядан кейін,  оқушыларға «Орталық коммуникациялар қызметіне келудегі әсер" атты шығармалық байқауға қатысу жөнінде ұсыныс жасалды. Жеңімпаздар әлеуметтік желілер мен ortcom.kz сайтында ашық дауыс беру арқылы анықталады. Ең үздік жұмыстардың иелері естелік грамоталармен марапатталады. 

Барлық жаңалықтар