- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов ОҚО Ордабасы ауданының жұртшылығымен кездесті
ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов ОҚО Ордабасы ауданының жұртшылығымен кездесті
Әбілғазы Құсайынов кездесу қатысушыларына экологияның қазіргі проблемаларын қозғайтын сайлауалды тұғырнамасын таныстырды.
«Қарқынды өнеркәсіптік қызметі барысында адамдар табиғатқа үлкен залал келтіріп, салдарынан «бумеранг әсері» туындады: енді табиғи ортаның құртылуынан таяқтың екінші шеті адамның өзіне тиіп отыр.
Қоғам мен табиғаттың үйлесімсіз байланысы үлкен экологиялық проблемалар туындатты.
Ол аздай, экологиялық құлдырау үдерісі күрделі экологиялық дағдарысқа ұласып барады. Табиғатты қорғау мәселесі адамзатты аман алып қалу мәселесіне айналып отыр.
Табиғи апаттардың орын алу жиілігі 2000 жылдан бері, бұған дейінгі онжылдықтармен салыстырғанда, 6 жылдың ішінде 187%-ға артқан.
Жаһандық экологиялық түйткілдердің туындап, ушыға түсуіне табиғат қорын өлшеусіз тұтынып, қоршаған ортаға антропогендік кері ықпал ету, жаппай қырып-жою қаруын пайдалану себеп болды», - деді Ә.Құсайынов.
ОҚО-дағы сайлауалды штабының жетекшісі Болат Рысқұлбеков қазір қалыптасқан жағдай қоршаған орта сапасының құлдырауынан туындағанын атап өтті. Ауа, өзен-көлдер, теңіз-мұхиттар ластанып, топырақ құнарсыздануда, жануарлар мен өсімдік әлемінің бірнеше түрі жойылды.
Мәселен, шөл даланың жалпы аумағы 27 миллион гектарға кеңіген. Осының кесірінен адамзат жыл сайын 25 миллиард тоннаға жуық құнарлы топырағынан айырылып отыр. Әлем бойынша барлық ауылшаруашылық жерлердің 63%-ы эрозияға ұшыраған. Жыл сайын Жер бетінен 13 миллион гектар орман алқаптары жойылуда.
Адам мен биосфера арасындағы түсініспеушіліктен табиғат жүйесі қалпына келтіруге келмейтін өзгеріске ұшырады. Қоғамның, халықтың өндірістік қуатының артуы, урбанизация, ғылыми-техникалық ілгерілеушілік – осы өзгерістердің басты катализаторы.
Ғаламшардың адамзат өндірісінің шығындарын игере алмауы үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Биосфера құртылуда. Сондықтан адам тойымсыз өндірістік іс-әрекетінің кесірінен өз болашағына өзі балта шауып отыр.
Мұның бәрі адам өмірі үшін пайдалы экологиялық жағдайды нашарлатты.
Кандидат келесі экологиялық статистикаға тоқталды: Жер бетіндегі қалалардың ауасының ластануы жыл сайын 865 мың адам өлімінің басты себебі болып табылады.
Копенгагенде климаттың өзгеруі тақырыбына арналған конференцияда БҰҰ-ның жасаған баяндамасына сәйкес, Әлем мұхиттарында судың қышқылдығы 35-40 жылдан соң 150%-ға артады, бұл теңіз экожүйесін үлкен өзгеріске ұшыратады.
Геологтардың айтуынша, адамдар ауыл шаруашылығымен айналысып бастап, мал бағып, жер қыртысын игеруге кіріскелі бері жыл сайын Әлем мұхиттарына 9 миллиард тоннаға жуық топырақ құйылды. Қазірде бұл көрсеткіш 25 миллиард тоннаға жетіп отыр.
Жыл сайын 260 миллиард тоннаға жуық пластмасса бұйымдар өз ғұмырын Әлем мұхиттарында аяқтайды. Пластикалық қоқыс мұхиттарға өзендермен, тоғандармен, жағаны шайған теңіз толқындарымен жетеді.
Кандидаттың хабарлауынша, 10-15 жылдан соң су тапшылығынан екі миллиардқа жуық адам жапа шегуі мүмкін.
Жаһандық жылыну салдарынан ХХ ғасырда әлемдік мұхит деңгейі 20 сантиметрге көтерілді. Ал арктика мұздары 5 жылда 70 сантиметрге жұқарған.
«Осы айтылғандардың негізінде, экологиялық қауіпсіз дамуға көшу міндеттерін адамзат дамуымен қатар қарастыру сайлауалды тұғырнамамның басты мақсатына айналды.
Қауіпсіз дамуға тек экономикалық жүйені дамыту тұғырнамасын қайта қарастырғанда ғана қол жеткізетімізді естен шығармайық.
Атап айтқанда, экономиканы экологиялық таза, қоршаған ортаға зияны жоқ аз шығынды технологиялардың көмегімен түрлендіру дамудың басты негізіне айналуы тиіс», - деді кандидат.
Табиғат ресурстарын мақсатты әрі жоспарлы пайдалану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, мемлекеттік бақылаудың, табиғат ресурстарын дұрыс пайдалану, қорғау және қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралардың жоспарлы жүйесін енгізу Ә.Құсайынов қызметінің ең басты міндетіне айналуы тиіс.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары