- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халықаралық «WorldSkills» чемпионатында үздік елуліктің қатарына кіруді мақсат етіп отыр (ФОТО)
Қазақстан халықаралық «WorldSkills» чемпионатында үздік елуліктің қатарына кіруді мақсат етіп отыр (ФОТО)
«WorldSkills Kazakhstan» республикалық конкурсының жеңімпаздарынан құрылатын команда Қазақстанның намысын Бразиялияда қорғайтын болады. Қазақстанның спорттағы жетістіктері орасан. Бізге енді білім саласы бойынша да, нақтырақ айтқанда кәсіптік-техникалық білім беруде де өзімізді көрсететін уақыт жетті деп ойламын. Бұл чемпионатта әлемнің 70 мемлекетінің өкілдері қатысады»,-деді А.Сәрінжіпов.
Оның пікірінше, еліміздің атынан өнер көрсететін команда 50 үздіктің қатарына кіреді, ал алдағы уақытта ең мықты 30 ел қатарынан көрінуі тиіс.
«WorldSkills» чемпионаты қазір әлемде болып жатқан бәсекелестіктің нышаны іспеттес. Біздің кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілеттілігі мен Қазақстанның өнеркәсібі елімізде алған білімімізге байланысты болады»,-деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 18-22 жас аралығындағы жастар арасында «WorldSkills» чемпионатының ұлттық кезеңі өтті. Олар метал жонушы, темір ұстасы, кірпіш қалаушы, сантехника мен жылу қызметі, сылақ сылау мен гипсакартон жүйесі, шаштараз, аспаз және мейрамхана ісінің маманы, ақпараттық жүйелер маманы сияқты түрлі мамандықтар бойынша тартысты.
2014 жылдың наурыз айында Қазақстан «WorldSkills International» (WSI) ұйымына мүшеліке ену жөнінде өтініш берді. «WSI» - жұмысшы мамандықтарды насихаттайтын халықаралық қозғалыс. Ол өнеркәсіптегі және қызмет көрсету маласындағы жұмысшы мамандықтардың әлемдік кәсіби стандарттарын қалыптастыру мен дайындауды сараптамалық бағалаумен қамтамасыз етеді.
Фото Азамат Алиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»