- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы күштерінде озық авияциялық нысанашылардың курстық даярлығы аяқталуда (Фото)
ҚР Қарулы күштерінде озық авияциялық нысанашылардың курстық даярлығы аяқталуда (Фото)
Аталған курстар байланыс құралдарымен жұмыстың сапасын арттыру, жұмыс картасында координаттарды анықтау және жерлерді бағдарлау, сондай-ақ авиациялық бөлімшелерді басқаруда дұрыс шешім қабылдауды жетілдіру мақсатында жыл сайын өткізіледі.
Бұл ерекшеліктер әуеде және жер үстіндегі операцияларды өткізу кезінде өзара іс-қимылды жетілдіру үшін қажет. Тапсырған сынақтардың нәтижелері бойынша әскери қызметшілерге өз бетінше іс жүзінде нысананы дәлдеуге рұқсат етіледі. Курстық даярлықтың қорытындысы бойынша жауынгерлер «Озық авиациялық нысанашы» мамандығы бойынша курстық даярлықты толық бітіргені туралы куәлік алады.
Курстық даярлықты ұйымдастыру және өткізуге ҚР ҚА ӘҚК бас қолбасшылығы басқармасының бас штабы, ӘҚК бас командалық пунктінің әскери басқарма және авиацияның өзара іс-қимыл орталығының нұсқаушы-оқытушылар құрамы тартылды. Курстық даярлықтан өтуге тыңдаушылар ретінде Ұлттық ұланның, Құрлық әскерлері мен Парашюттік даярлық орталығының әскери қызметшілері шақырылды.
Озық авиациялық нысанашыларды курстық даярлау 2015 жылғы оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамалары мен бөлімдері, басқарма органдарының даярлық жоспарына және ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының бұйрықтарына сәйкес өткізілетінін айта кеткен жөн.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар