• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шығыс Қазақстанда 2016 жылға дейін агросаланың жұмысын жақсарту жоспарланған

Шығыс Қазақстанда 2016 жылға дейін агросаланың жұмысын жақсарту жоспарланған

9 Сәуір, 2015 17:29
ШҚО-да 2016 жылға дейін салынғалы отырған 13 мың бас ірі-қаралы 37 сүт-тауарлы ферманың толыққанды жұмысы үшін нақты жүйе құруды тапсырды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Ал 2016 жылға дейін қосымша 3 СТФ салынып, 11-і күрделі жөндеуден өткізілмек. Бұл жоспар фермалардағы сүт өндіру көлемін 75,0 мың тоннаға дейін көбейтуге мүмкіндік береді.

«Қолға алынған 37 сүт тауарлы ферма мен 115 сүт қабылдау пункті өңір зауыттарын 54 % сүтпен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні бүкіл Республика халқы тұтынатын сүт өнімдерінің 40% шетелден әкеледі. Сондықтан, ең бірінші өңір халқынан сүт сатып алу мәселесін жүйелі түрде жолға қоюымыз керек», - делінген хабарламада.

Елбасы тапсырмасы бойынша халықтың тұтынатын өніміне ұлттық құрамның үлесін ұлғайтудың маңыздылығын айтып өтті.

Сүт сатып алу жұмысы бойынша пилотты аймақ ретінде Бородулиха, Жарма, Көкпекті аудандарымен қатар, бағдарламаға 9 аудан қосылады. 12 ауданнан 115 ауылдық округ тұрғындары сүт қабылдау пунктеріне өнімдерін өткізеді. 40 мың сиыр сауылады. Тұрғындардан сүт қабылдау жұмысының нақты құрылымы мен сатып алу алгоритмі жасалды. Аудандарда аталмыш шаруаларға арнайы жұмыс топтары жұмылдырылды.

 

Барлық жаңалықтар