- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылға қарсы Қазақстан әскерінің 99 пайызын кәсібилер құрайтын болады-Қорғаныс министрлігі
2016 жылға қарсы Қазақстан әскерінің 99 пайызын кәсібилер құрайтын болады-Қорғаныс министрлігі
«Қазір Қорғаныс министрлігі бойынша 12 мыңға жуық мерзімді қызметтің сарбаздары қалды. Біз осы күзде 6 мың жауынгерді запасқа шығарып, 1,5 мың адамды әскер қатарына шақырамыз. 2014 жылдың көктемінде тағы 6 мың жауынгер запасқа шығарылса, 1,5 мың адам әскер қатарына шақырылатын болады. Уақыт өте келе осы мың жарым шақырылушы 500 адамға дейін қысқармақ. 2016 жылы армиямызды 99 пайыз кәсібилер құрайтынына сенімдімін», - деп атап өтті Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі алдағы екі жылдың ішінде кәсіби армияға көшу процессін аяқтауды жоспарлап отыр.Қазіргі уақытта Қазақстан әскері аралас принцип бойынша жасақталуда. Қарулы Күштерде мерзімді қызметтің жауынгерлері де, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер де қызмет етеді. Бұл ретте қатардағы және сержанттық құрамдағы әскери қызметшілердің
Мерзімді қызметтегі сарбаздардың санын қысқарту шақырушылар санын азайту есебінде жүргізіледі. Егер шақырылушының жоғары білімі болса, онда ол 6 айдан соң келісімшарт бойынша қызметін жалғастыруға құқылы, ал қалғандары бір жылдан соң келісімшарт бойынша әскери қызметін жалғастыра алады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілері лайықты еңбекақы мен әлеуметтік пакетті иеленіп, тұтастай тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. 10 жылдан кем қызмет еткен әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін ақшалай өтемақы төленетін болады. Ал алыс гарнизондағы әскери қызметшілер үшін тұрғын үйлер тұрғызылады. 2014 жылы 500 үй салынады. Қорғаныс министрлігі
2017 жылға дейін барлық әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге лайықты білім алу мүмкіндігін де ұсынып отыр. 2014 жылы 1 қыркүйекте Ұлттық қорғаныс университеті Щучинскіден Астана қаласына көшіріледі. Болашақта Сержанттардың академиясын немесе институтын құру жоспарланып отыр. Офицерлер мен сержанттар 8 жыл әскери қызмет еткен соң Қорғаныс министрлігінің есебінен шет мемлекеттердің оқу орындарында білім ала алады.
«Мемлекет басшысы - Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә. Назарбаевтың талабы бойынша Қазақстанның Қарулы Күштері саны аз, дайындалған, кәсіби және қазіргі заманғы әскери техникалармен жабдықталуы тиіс. Бұл уақыт талабы, өйткені қазір әскери іс-қимылдарды жүргізу өнері өзгерді. Бүгінде операциялардың табысын жаңа қару-жарақтар, технологиялар мен техникалар шешеді. Осы қару-жарақтарды игеріп, оларды қолдану үшін бізге жан-жақты дайындықтан өткен жоғары сыныпты мамандар қажет», - деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабының бастығы.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биылғы алғашқы үгіт-насихат науқаны шеңберінде 7 мың адам келісімшарт негізінде қызмет етуге ниет білдірді. Қорғаныс министрлігі келісімшарт бойынша кезекті іріктеу шараларын 2014 жылдың басында жүргізеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты