• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның барлық ювеналды соттарында психологиялық көмек көрсетілуде

Қазақстанның барлық ювеналды соттарында психологиялық көмек көрсетілуде

9 Сәуір, 2015 13:47
Қазақстанның барлық ювеналды соттарында психолог мамандар жұмыс істеуде, деді Жоғарғы соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қадағалаушы судьясы Ғалия Ақ-қуова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.

Ювеналды соттардың жұмыстарының мұндай үлгісі сот қызметімен байланысқа түскен барлық балалармен арнайы қарым-қатынас ұстанатын БҰҰ-ның балаларға қатысты әділ сөт төрелігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келеді.

«2014 жылдың 1-шілдесінен бастап, барлық ювеналды соттарда келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін психолог штаттары енгізілді. Сот процесінде мамандандырылған психологтың болуы және оның қалыптасқан жағдай мен баланың жеке мүддесінің негізінде тиісті қорытынды жасап беруі сот тарапынан оңды шешім қабылдауға ықпал етеді»,-деді Ғалия Ақ-қуова.

Сондай-ақ барлық ювеналды соттарда баламен және психолгпен қарым-қатынасқа ыңғайластырылған арнайы кабинеттер бөлінген.   

«Мұнда психолог кәмелетке толмаған жасөспірімдерге тиісті психологиялық көмек көрсетеді және онымен алаңсыз алдын ала әңгіме жүргізіп, жасөспірімнің нақты жағдайды қалай қабылдайтындығын анықтайды»,-деп қорытты сөзін Ғалия Ақ-қуова.

 

 

Барлық жаңалықтар