• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада білім беру және оқыту технологияларының халықаралық көрмесі ашылды (Фото)

Астанада білім беру және оқыту технологияларының халықаралық көрмесі ашылды (Фото)

9 Сәуір, 2015 14:36
Астана қаласының «Көрме» көрме орталығында «WORLDDIDAC ASTANA 2015» білім беру және оқыту технологияларының халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

Оның негізгі мақсаты - Қазақстанның беделін халықаралық рейтінгте білім сапасының ақпараттық мазмұнын арттыру және білім технологиясын, Қазақстанның білім беру мекемелерін отандық және халықаралық жетекші өндірушілердің жабдықтарымен жасақтау болып табылады.

Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Т.Доскенов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы К.Шамшидинова және де  «Worlddidac» қауымдастығының бас директоры Beat Jost мырза қатысты.

Көрменің ашылу салтанатының рәсімі кезінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Worlddidac» қауымдастығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум барысында қарастырылған ұзақ мерзімді әріптестік, Қазақстанның білім беру процесінің барлық қатысушыларына үздік білім беру ресурстары мен технологияларын қамтамасыз етуге бағытталып, халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанның білім беруіне инвистициялық қолдау көрсету және де Қазақстанның білім беру жүйесін қазіргі заманғы әлемдік үрдістермен қамтамасыз ету болып келеді.

 «Елімізде білім беру сапасын арттыру үшін ауқымды мақсаттар қойылуда, білім беру аумағына жаңа инновациялар енгізілуде және де барша қызығушылық танытқандарға халықаралық көрме айтулы оқиға болып, білім берудің барлық деңгейлері үшін оқу жабдықтарын құрудың соңғы жетістіктерімен танысуға мүмкіндік беріп оны келешекте мектептерде пайдалануға болады»,-деді өз сөзінде Аслан Сәрінжіпов.

Айта кететін жағдай, «WORLDDIDAC» қауымдастығы – дүниежүзіндегі алғашқы ресми тіркелген коммерциялық емес қоғамдық ұйым болып келеді. Ол 1956 жылы құрылып, өз кезегінде түрлі елдердің баспаларын, дистрибьюторлары мен оқу материалдар өндірушілерін біріктіреді. Қазіргі танда оның құрамына бес құрылықтағы 39 елдің 161 компаниясы кіреді.

Барлық жаңалықтар