- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК ЕАЭО елдері үшін алдағы 2-3 жылдың көлемінде роуминг қызметінің тарифтерін арзандатуды қарастырмақ
ЕЭК ЕАЭО елдері үшін алдағы 2-3 жылдың көлемінде роуминг қызметінің тарифтерін арзандатуды қарастырмақ
Халықаралық байланыс қызметі нарығында Еуропалық Одақ тәжірибесі негізінде ЕАЭО мемлекеттері үшін роуминг қызметінің бағаларын бірте-бірте төмендете отырып, түбінде тегін ету мәселесі қарастырылуда.
«Қазіргі таңда ЕЭК арнайы жұмыс тобын құрды. Өйткені биылғы жылдың 1-қаңтарынан бастап, трансшекаралық нарықты бақылау өкілеттігі берілді, ал роуминг трансшекаралық нарық, сол себепті біз осы мәселе бойынша тиісті жұмыстарды бастадық. Бұл жұмыстарды талапқа сай жүзеге асыру үшін бірқатар заңнамалар мен заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу қажет болады, ал оған уақыт керек. Дегенмен, біздің алдын ала жасаған есептеріміз бойынша, алдағы 2-3 жылдың көлемінде біз мәселені шешіп, жұмысы аяқтаймыз деген ойдамын»,-деді Н.Алдабергенов.
Аталмыш шара жұмыс күштері мен бизнестің ЕАЭО аясында еркін қимылдап, телекоммуникациялық жүйелердің дамуына ықпал етеді.
«Еуропалық тәжірибеге зер салатын болсақ, 2015 жылдан бастап роуминг қызметі оларда тегін болуға жақындап қалды. Басқаша айтқанда, Еуропа бұл мәселені шешті, сол себепті біз де өзіміздің монополияға қарсы күрес қызметімен бірге бұл міндетті сәтті жүзеге асырамыз деген ойдамын»,-деді ол.
Камила Амирова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды