- Басты
- Жаңалықтар
- Әлемнің ең әйгілі мұражайларында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің шамдары сақталған
Әлемнің ең әйгілі мұражайларында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің шамдары сақталған
9 Сәуір, 2015 20:43
Лувр және Эрмитажда XV ғасырда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне арнап жасалған екі қола шам сақталуда. Қазақстанда дәл осындай шамдардың төртеуі қалды. Қазіргі таңда оларды Тұңғыш Президент музейінде өтіп жатқан «Мыңжылдықтар жарығы» көрмесінде тамашалауға болады, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.
Адам бойынан асатын шамдар араб жазуларымен безендірілген. Бұл жазбалар шамдарды әмір Темірдің бұйрығымен Исфахандық шебер жасағандығын баяндайды. Барлық әскери қақтығыстарда Ақсақ Темір тұтқындыққа қолөнершілерді алуды бұйырғандығы туралы баршаға мәлім.
Ирандық шебердің қолынан шамдар нағыз өнер туындылары болып шықты.
Олардың салмағы өте ауыр – бір шамды бірнеше ер адамның көмегімен ғана орнынан ауыстыруға болады. Ең қызықтысы – бұл шамдардың басына май құйып, білтесін тұтандырса, оларды қазіргі таңда да қолдануға болады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар