ҚР СІМ басшысы БАӘ-нің Энергетика министрімен кездесу өткізді

9 Қазан, 2013 09:20
Астанада, 8 қазан күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Біріккен Араб Әмірлігінің энергетика министрі Сухеил Мухаммед Альмазруиді қабылдады, деп ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кездесу аясында әңгімелесуші тараптар өзара қызығушылықты білдіретін инвестициялық, сауда-экономикалық және саяси саладағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады», - деп хабарламада нақтыланған.

 Біріккен қазақстан-эмираттық үкіметаралық комиссияның қызметі, сондай-ақ екі ел арасындағы СІМ аралық саяси кеңесінің ынтымақтастығының даму ролі атап өтілді.

Бұған қоса, тараптар 2020 жылы ЭКСПО көрмесінің өткізуіне БАӘ-ның үміткерлігін және «ЭКСПО-2017»  Астанада өтетіне байланысты дайындықтар мәселелерін талқылады.

Барлық жаңалықтар