- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде ҰОС ардагерінің үйіне 2 млн сомаға жөндеу жұмыстары жүргізілді
Ақтөбеде ҰОС ардагерінің үйіне 2 млн сомаға жөндеу жұмыстары жүргізілді
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеу қарсаңында қаламызда «Ардағым ардагерім» атты акция аясында тұрғын үйі жөндеуді қажет ететін 76 Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектерінің үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Қайырымдылық акция барысында жөндеу жұмыстарын жүргізуге демеушілік қаржы есебінен 27 млн. 825 мың теңге жұмсалады.
Хабарланғандай, ағымдағы жылдың 8 сәуірінде 26 ардагердің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу аяқталып, 24 ардагердің үйіне жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, ал 26 ардагердің үйінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар тұрғын үйі жөндеуді қажет етпейтін 51 ардагерге демеушілер қаражаты есебінен 100 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Біржолғы материалдық көмектің жалпы сомасы 5 млн. 100 мың теңге құрайды.
А.Арынғазиева «Ардағым ардагерім» акциясына қала кәсіпкерлерінің белсенді қатысқандығын атап өтті.
Осы акция аясында «Казақ Ойл Ақтөбе» ЖШС Ұлы Отан соғысының ардагері Әбілханова Зоря Габдулқызының пәтеріне толық жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Осы мақсатқа «Казақ Ойл Ақтөбе» ЖШС 2 млн. теңге қаражат бөліп отыр.
Зоря Габдулқызы әскер қатарына шақырылмас бұрын телеграфшы болып жұмыс жасады.
1943 жылдан бастап Ұлы отан соғысы аяқталғанша екінші Белоруссия майданында маршал Рокоссовский басқарған 110 жеке байланыс батальон құрамында болды. Ерен еңбегі еленіп, 18 медалімен, оның ішінде «Германияны жеңгені үшін», «Кенигсберг қаласын алғаны үшін», «Әскери қызметі үшін» медалдарымен марапатталды.
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды