• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылы «Алтын сапа» байқауына Қазақстанның ЖК қатыса алады - Әлтаев (Фото)

2015 жылы «Алтын сапа» байқауына Қазақстанның ЖК қатыса алады - Әлтаев (Фото)

9 Сәуір, 2015 12:17
2015 жылдан бастап байқауға жеке кәсіпкерлер де қатыса алады, деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Нұрдан Әлтаев ҚР Президентінің «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» көрмесіне қатысты брифингте.

«2015 жылдан бастап байқауға заңды тұлғалар ғана емес, жеке кәсіпкерлер де қатыса алады – бұл байқауға енген жаңашылдықтар. Байқауға қатысу үшін ҚР аймағында өндірістік, өндірістік-техникалық тұрғыдағы өнім өндірісі бар адамдар қатыса алады», - деді Н.Әлтаев.

Айта кетейік, 2006 жылдан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен «Алтын сапа» байқауы өтуде. Ұйымдар елде өнім өндіру саласында  жетістікке жетуі керек. 

Суретті түсірген  Азамат Алиева

 

 

Барлық жаңалықтар