- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда жаңартылған энергия көздері жобаларына мониторинг жүргізу мәселесі талқыланды
Талдықорғанда жаңартылған энергия көздері жобаларына мониторинг жүргізу мәселесі талқыланды
Жиынға ҚР Энергетика министрлігі Жаңартылған энергия көздері жөніндегі департаменттің директоры Айнұр Сапарбекова, сол сияқты жұмыс істеп тұрған ЖЭК нысандарының өкілдері және 2015-2020 жылдарға жоспарланған ЖЭК жобаларын жүзеге асырушылар қатысты. Басқосу барысында Энергетика министрлігі «Қазақстанда ЖЭК-ні қолдау жүйесі» жайында презентация жасады.
Жиынға қатысушылар облыста 2006-2020 жылдарға арналған су және жел энергетикасын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын айтты. Осы бағдарлама аясында облыста 2008 жылы жалпы жобалық қуаты 324,3 МВт болатын Мойнақ СЭС-і, 8 шағын СЭС, 1 күн электр стансасы іске қосылған. Жүзеге асырылған жобаларды қосқанда облыстың электр энергетикасының әлеуеті - Қапшағай мен Мойнақ ірі СЭС-тері, 16 шағын СЭС және 1 күн энергетикасы негізінде жалпы белгіленген қуатты 749,5 МВт.
Бағдарлама шеңберінде 2020 жылға дейін 58 компания ЖЭК қолданатын 129 нысанның құрылысы жобасын жүзеге асыруға тиетті. Оның ішінде жалпы қуаттылығы 2732 МВТт болатын 104 СЭС, 14 ЖЭС, 11 КЭС бар. Қазіргі кезде Сарқан ауданында Төменгі және Жоғарғы Басқан СЭС-1, Лепсі СЭС-2, Еңбекшіқазақ ауданында Есік СЭС-1 мен биоэлектр стансасының құрылыстары басталды.
Сонымен қатар облыста тағы 13 инвестор-компаниялар ЖЭК жобаларын қаржыландыруға қатысуға ниет білдіріп отыр.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар