- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда электронды билеттендіру жыл аяғына дейін енгізіледі - А.Есімов
Алматыда электронды билеттендіру жыл аяғына дейін енгізіледі - А.Есімов
Бұл екі жоба Алматы әкімінің жолаушылар тасымалдауды кешенді дамыту, жолақыны төлеуде адам факторын болдырмау және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынып отыр. Әлемнің ірі мегаполистерінде қолданылатын электронды билеттендіру өзінің тиімділігін және қолайлы екендігін дәлелдеген еді. Бұл жүйе жолақының мол түсуін қамтамасыз етіп, оның көлеңкелі жағын болдырмайды. Электронды билеттендіру барлық бағыттағы жолаушылар көлігін, автобустарды, троллейбустарды, трамвайлар мен метроны, муниципалды көлік пен жеке көлікті де қамтитын болады.
«Қаланың қоғамдық көлік саласын реформалау көлемді қаржыны қажет етеді, сондықтан бұл іске біз инвесторларды тартып отырмыз. Мұндағы жеке инвестицияның жалпы сомасы 12 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Мен Көлік холдингінің алдына электронды билеттендіруді ағымдағы жылдың аяғына дейін енгізу міндетін қойдым», - деді Ахметжан Есімов.
«Бұл жобалардың барлығы жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға әрі осы саладағы мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге бағытталған. Қоғамдық көлікті дамыту біз үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады, соның арқасында тасымалдаудың қазіргі заманғы моделі қалыптасып, бюджет толығады, қала экологиясы жақсарады», - деп атап өтті қала басшысы.
Айта кетейік, Алматының муниципалды қоғамдық көлігі 2014 жылы 95 млн. жуық жолаушыны тасымалдаған, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 34,4%-ға көп. Жалпы, өткен жылы жеке автобус тасымалдаушылар мен метрополитенді қоса есептегенде мегаполисте 262,2 млн. жолаушы тасымалданған, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 12,5%-ға көп. Атап өтерлік жайт, қоғамдық тасымал жүйесінің 70 пайызын экологиялық таза көлік құрайды
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары