• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Түркияның қарулы күштері өзара әскери кадрлармен алмасуды жоспарлауда (Фото)

Қазақстан мен Түркияның қарулы күштері өзара әскери кадрлармен алмасуды жоспарлауда (Фото)

9 Сәуір, 2015 12:13
Астанаға ресми сапармен Түрік Республикасы Қарулы Күштеріндегі Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы армия генералы Хулуси Акардың бастаған әскери қызметшілер делегациясы келді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов түрік елінен келген әріптестерін қарсы ала отырып, Қазақстан Түркиямен ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай көңіл бөліп отырғандығын және оның негізі екі елдің тарихи-мәдени туыстығында жатқанын атап өтті. Қазақстан және Түркияның қорғаныс аумағында өзара тәжірибе алмасудың маңызы зор.

Оның ішінде, заманауи қару-жарақтар мен әскери техникаларды модеринизациялау және әзірлеу, сондай-ақ әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлау әдістерін зерделеу саласын ерекше атауға болады. Ынтымақтастықты дамыту әскери білім беру және аға лейтенанттан бастап капитан әскери атақтағы дейінгі әскери қызметшілермен, взвод және рота қолбасшылары деңгейінде өзара алмасуға қызығушылық туып отыр.

 ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің Түрік Республикасы ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы армия генералы Хулуси Акарға «ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығы» мерейтой медалін табыс етуі екі елдің ынтымақтастығын растайтын  құндылық екенін айта кеткен жөн. Түрік делегациясы сапар барысында 68665 әскери бөлімінде болып, «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» зауытындағы қару-жарақтар мен әскери техникалар үлгілерімен танысып қайтты.

Осыдан кейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс универститетін және– «Бәйтерек» Монументін, «Хазрет Сұлтан» мешітін, ҚР Ұлттық мұражайы және басқа да Астананың көрікті жерлерін аралады.  

 

 

Барлық жаңалықтар