• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Эпилепсия: көмек көрсетуді жетілдірудің проблемалары мен стратегиясы» атты халықаралық конференция өтуде

Астанада «Эпилепсия: көмек көрсетуді жетілдірудің проблемалары мен стратегиясы» атты халықаралық конференция өтуде

9 Сәуір, 2015 10:37
Астанада Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Бүкіләлемдік эпилепсияға қарсы лигасының қолдауымен алғаш рет «Эпилепсия: көмек көрсетуді жетілдірудің проблемалары мен стратегиясы» атты тақырыпта халықаралық конференция өтуде.

Халықаралық конференцияға неврология, эпилептология саласының 300-ге жуық маманы қатысуда. Олардың арасында Қазақстаннан басқа ТМД-ға мүше мемлекеттердің мамандары, сондай-ақ АҚШ, Италия, Германия, Швеция, Ұлыбритания, Греция сияқты алыс шет мемлекеттердің де медицина саласының қызметкерлері бар.   

«Эпилепсияның таралу ауқымы тұрғындардың 1 пайызын құрайды, ал әлем бойынша бұл науқаспен 65 миллион адам ауырады. Аталмыш науқастың әлеуметтік салдары мен оның мүгедектігі үлкен экономикалық қиындықтарға әкеліп соқтыруда. Мысалы Еуропа өңірінде аталмыш дерттің салдары жылына 20 миллиард еуроға дейін шығын келтіреді»,-делінді конференция барысында.

Қазақстанға келетін болсақ, 2013 жылы диспансерлік есепте 25 мың адам тұрды.  Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы жаһандық мәселенің салдарымен күресте күш біріктіруді ұсынып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, қоғамды ақпараттандыру бағытында сондай-ақ түрлі медициналық оқыту жобалары негізінде жүргізілуі керек.  

Конференция барысында «Қазақстандық ұлттық эпилепсияға қарсы лигасының» неврология, эпилептология және медицицинаның аралас бөліктері салаларындағы оқытушы және ғылыми жобаларды жүзеге асыру мен дамытуды іске асыратын жетекші қоғамдық ұйым екендігі айтылды.    

Естеріңізге сала кетейік, конференция барысында әлемдік деңгейдегі дәрігер эпилептиктер эпилепсияның ауыр түрлерімен науқастанған азаматтарға  консультациялар беретін болады.   

Фото Азамата Алиева

Барлық жаңалықтар