• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды облысында 20 стансияға қызмет көрсетпек (Фото)

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды облысында 20 стансияға қызмет көрсетпек (Фото)

9 Сәуір, 2015 19:21
«Саламатты Қазақстан» пойызы Қарағанды облысының шалғай жерлеріндегі 20 стансияның тұрғындарымен кездесіп оларға шапағатын тигізеді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.«Саламатты Қазақстан» пойызы Қарағанды облысының шалғай жерлеріндегі 20 стансияның тұрғындарымен кездесіп оларға шапағатын тигізеді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.

Қазақ Елінің кең даласына «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық консультативтік - диагностикалық  пойыздары сапар шекті. Еліміздің темір жолымен Мемлекетіміздің көптеген қашық стансарына ат басын тіреді.

«Саламатты Қазақстан» пойызы Қарағанды облысының шалғай жерлеріндегі 20 стансияның тұрғындарымен кездесіп оларға шапағатын тигізді. Ал 6-7 сәуір аралығында пойыз Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында екі күнге аялдады.

«Аудан басына тоқтаған пойыз ішіндегі ақ халатты абзал жандар көмекке зәру жандардың қажетін ашты десек болады. Таңертеңнен бері пойызға ағылған халық толастар емес. Себебі дерттеріне шипа іздеген жандарға бұл пойыз шипаханаға айналды. Әсіресе алыс шалғайдан арнайы дәрігерлік қаралуға келе алмайтын жандар, еңбектеген баладан қартайған ақсақалға дейін ауылына келген жәрдемнен құр қалмауға тырысты», - делінген хабарламада.

Себебі қазір көктем мезгілінде көптеген ауылдардан көліктер өзен көлдердің тасуына байланысты аудан орталықтарына да жете алмай жатады. Дәрігерлік көмекке жүгінгендердің көбісі аяғы ауыр айелдер мен жас балалар болды. Себебі пойыз заманауи медициналық құралдармен жабдықталған.

Вагон купелерінде тіс дәрігері, дерматолог, уролог, маммолог, гинеколог, невропатолог, кардиолог, терапевт, КДТ-диагностикасы, эндоскопия, отоларинголог, балалар дәрігері, көз және тіркеу кабинеттері бар. Тіпті әріптік флюорографикалық аппарат рентгенге түсірілген суретті емделушіге бірден беріп жатты. Бұл да болсын техниканың дамыған үрдісін білдіреді.

Тапсырылған талдау қортындылары да көп күттірмей анықталып емделушілерге тапсырылып жатты. Клиникалық-диагностикалық зертхана бірер сағатта емделушінің денсаулық жағдайы туралы қажетті ақпаратты анықтайтынын дәлелдеді. Сондай-ақ, темір жолдағы ауруханада шағын хирургиялық оталар жасалатын таңу, ем-шара кабинеті және ота блогы қарастырылған болғандықтан олар да өздерінің жұмыстарын жасап жатты.

 

 

Барлық жаңалықтар