- Басты
- Жаңалықтар
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті автоматтандырылған ақпараттық жүйе әзірлеуде
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті автоматтандырылған ақпараттық жүйе әзірлеуде
«Ақпараттық жүйе азаматтардың өтініштерін жедел қарау, камералдық бақылау және зерттелетін үлгіні сатып алуды жүргізу кезінде адами факторларды төмендету мақсатында, сондай-ақ тұтынушылар үшін бірыңғай ақпараттық және әдіснамалық ортаны құру үшін әзірленетін болады», - деп атап өтті Әлиақпар Мәтішев.
Бүгінгі күні өтініштерді қабылдау мен өңдеуді қоспағанда, барлық процестер тиімді автоматтандырылған құралдарсыз жүзеге асырылады немесе олардың аз жиынтығын, немесе Комитет қызметкерлерінің өз әзірлемелері пайдаланылады. Бұл мән-жайлар адами факторларға едәуір тәуелді болады және осы саладағы өкілеттікті толықтай пайдалануға мүмкіндік бермейді, деп хабарлады ведомство.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе бірқатар міндеттерді шешуге: камералдық бақылау процессін автоматтандыруға; Қазақстан Республикасының және Кеден одағының бірыңғай техникалық регламенттерін енгізуге, сондай-ақ барлық нарық субъектілерінің бірыңғай деректер базасын құруға; бақылау сатып алуды жүргізу процесін автоматтандыруға; зертханалық зерттеулер нәтижелерін тіркеуге; тұтынушылардың өтініштерін тіркеуге және бақылауға; ақпараттың бірыңғай электрондық мұрағатын енгізуге; қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау үшін интернет-платформа құруға; талдамалық , талдамалық есептілік жүйесін енгізуге бағытталған.
«Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің көмегімен Комитетке: әкелінетін өнімдер мен тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын жақсарту; әкелінетін өнімнің сапасына бақылауды тиімді жүзеге асыру; тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіру; нарыққа қатысушылардың бірыңғай деректер базасын жұргізу; басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдасу мүмкін болады. Ақпараттық жүйе Комитеттің қызметкерлеріне өз жұмысында бірыңғай ақпараттық жүйені пайдалануына мүмкіндік береді және қағаз түріндегі құжат айналымын азайтады, Комитет қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді» - деп атап көрсетті Әлиақпар Мәтішев.
Комитет инвестициялық ұсыныс әзірледі, барлық қажетті есептер жүргізілді және қажетті техникалық шешімдер көрсетілді. Келесі қадам жобаға техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және автоматтандырылған ақпараттық жүйені іске асыру болады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты