- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі Мәжілістің қарауына бірқатар заң жобасын енгізді
ҚР Үкіметі Мәжілістің қарауына бірқатар заң жобасын енгізді
Онда сот-сараптамалар жүргізу жөніндегі мемлекеттік функцияларды денсаулық сақтау жүйесінен Әділет министрлігіне беру арқылы бір ведомоствода орталықтандыру, сот сараптамасы органдарын қадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту, сот сарапшыларының ғылыми әлеуетін қалыптастыру үшін жағдай жасау, мемлекеттік емес сот сараптамасы институтын одан әрі дамытуды ынталандыру, сот төрелігіне қатысушы азаматтар мен ұйымдардың құқықтық қорғалуын, сот сарапшысы лауазымының беделін және оның әлеуметтік қорғалуын арттыру көзделген.
Сот-сараптамалар жүргізу жөніндегі мемлекеттік функцияларды денсаулық сақтау жүйесінен Әділет министрлігіне беру «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне өзгерістер енгізуді қажет етеді. Осы бағыттағы заң жобасы да Үкіметтен Мәжіліс қарауына түсті.
Сондай-ақ, Мәжіліс қоржыны «Төрелік туралы» заң жобасымен толықты.
Бұл құжат ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Парламенттің бесінші шақырылымының төртінші сессиясының ашылуында берген төрелік туралы бірыңғай заң әзірлеу тапсырмасын орындау үшін әзірленген.
Заң жобасының мақсаты – төрелік саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру, жалпы дауларды реттеудің балама жүйесін дамыту, құзретті (мемлекеттік) соттарға жүктемені азайту.
Осы заң жобасына ілеспелі құжат болып табылатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы еліміздің заңнамалық актілерінің жекелеген нормаларын «Төрелік туралы» заң жобасының ережелеріне сәйкес келтіруді қажет етеді.
Осыған орай, Азаматтық процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге түзетулер енгізу көзделеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар