- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта Қазақстан мен Швейцарияның парламентаралық қарым-қатынасы талқыланды (Фото)
Сенатта Қазақстан мен Швейцарияның парламентаралық қарым-қатынасы талқыланды (Фото)
Кездесу барысында екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Тараптар парламентаралық байланыстар Қазақстан мен Швейцария халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты тереңдетуге жәрдемдесетінін атап өтті.
Экономика саласындағы екіжақты байланыстар туралы айта келіп, И.Адырбеков көлік-транзиттік әлеуетті дамытуға Қазақстан баса назар аударып отырғанына тоқталды. «Біз Орталық Азиядағы транзиттік және логистикалық ірі іскерлік орталыққа – Еуропа мен Азия арасындағы көпір болуға ниеттеніп отырмыз», - деді сенатор.
И.Адырбеков Қазақстанның ұлттық экономикасын ынталандыру үшін Шетелдік және отандық тікелей инвестициялар тарту жөніндегі кешенді жоспар қабылданғанын атап өтті.
К.Миш Қазақстан Президенті Н.Назарбаев жария еткен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жоғары бағалады және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру жөніндегі шараларға швейцариялық компаниялар мүдделі екенін жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды