• Басты
  • Жаңалықтар
  • Президенттікке кандидат Т. Сыздықов «Екібастұз-Энергоцентр» ЖШС ұжымының өкілдерімен кездесті

Президенттікке кандидат Т. Сыздықов «Екібастұз-Энергоцентр» ЖШС ұжымының өкілдерімен кездесті

8 Сәуір, 2015 18:25
Бүгін Қазақстан Коммунистік Халық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Екібастұз қаласында «Екібастұз-Энергоцентр» ЖШС ұжымының өкілдерімен кездесті.

Кездесу басында Тұрғын Ысқақұлы сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыты батыс мәдениетінің және батыстық жүйе құндылықтарының теріс ықпалы туралы екендігіне тоқталды.

«Менің сайлауға қатысуыма басты себеп, мені үнемі мазалайтын батыстық құндылықтар мен батыстық көзқарастардың кең таралуы», - деді кандидат.

Өз сөзінде Т.Сыздықов Коммунистік халық партиясы қызметінің негізінде тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары туралы айтты.

Коммунистердің кандидатының сайлауалды тұғырнамасында, «марксизм ғылымды дамытудағы жаңашылдықтар мен жаңа мәліметтерді тарату негізінде үздіксіз дамып, жетіліп отыратын шығармашылық білім болып табылады.

Диалектикалық материализм негізіне құрылған марксизмнің күші мен өміршеңдігін тарихи дамудың әрбір қадамы дәлелдеп отыр.

«Марксизмнің күші мен өміршеңдігі әркімге аян, оның маңызды қағидаттарын жоғалту тарихи даму барысында кері әсерін береді.

Марксизм-ленинизм теориясының әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоймағандығына және бүгінгі күн тәртібінде қолдануға болатындығына Т.Сыздықов сенімді. 19 ғасырдағы ұлы оқымыстылар мен ойшылдар негізін қалаған бұл ілім, қазіргі күнге дейін барлық сұрақтарға жауап беріп, оның басты бағыттары социалистер тарапынан дамытылуда.

Шетелдік құндылықтар жүйесі қоғамның технологиялық және индустриялдық дамуында бастапқы белгілер жүйесін жоғалтып қарама-қайшылықтар жағдайына енуде.

Батыстың жаһандық дәуіріндегі постиндустриялдық даму кезеңіндегі экономика мен қаржы салаларын дендеген трансұлттық корпорациялардың үстемдігі қоғамның ыдырауына, байлар және кедейлер болып бөлінуіне алып келді.

Шектен шыққан демографиялық үдерістер, босқындардың қалың толқыны гуманитарлық апатқа ұшыратуы мүмкін», - делінген кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.

Өзінің сайлауалды тұғырнамасында ол әлемде кең таралған батыстық стандарттардың теріс ықпалына алаңдаушылық білдірді.

Жаһандану заманында батыстық құндылықтар жүйесі вирус секілді кең таралуда.

Адамгершілік құндылықтар жүйесін өмірге деген қанағатсыз көзқарас алмастырды. Бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бірқатар күрделі мәселелер туындатуда.

Шетелдік жаттанды тақырыптар БАҚ, киноөнімдер, түрлі танымал ток-шоулар және журналдар арқылы таралуда. Алғашқы болып өзінің құндылығын жанұя және неке институттары жоғалтуда. Жанұялық өмірдің мұндай көлеңкелі жақтары өлшем және тең құқылық ретінде беріліп, жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, азаматтық немқұрайлылыққа әкеледі.

Мұндай қоғамда өмір сүрген адамдардың өмірлік қағидаттары - жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моралдық жауапсыздық.

ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне үміткер Т.Сыздықовтың аймақтық сайлауалды штабтары сайлаушылар арасында үгіт-

Сондай-ақ, бүгін кандидаттың Батыс Қазақстан облысындағы сайлауалды штабы өткізген және жоспарланған іс-шаралары туралы баяндап берді.

«Ең алдымен, біз басты назарымызды облыстың аудандық елді мекендеріне, оның ішінде облыс орталығынан алшақ жатқан ауылдарға аударып, жұмыстарымызды соларға икемдеп құрдық. Себебі еліміздегі әрбір азамат партиямыз насихаттап отырған марксизм-ленинизм идеясын білуі керек. Үгіт материалдары – плакаттар мен парақшалар кеңінен таратылып жатыр. Онда коммунизмнің негізгі идеялары көрініс тапқан», - деді партияның облыстық комитетінің жетекшісі С.Ярлыгасимов.

«Марксизм – біздер, коммунистер үшін, қоршаған орта өзгерген сайын үнемі жетіліп отыратын шығармашылық ғылым. Оның қалыптасқан қағидалары мен идеялары күні бүгінге дейін өзектілігі мен маңыздылығын жойған жоқ. Біз алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізу үшін марксизм-ленинизмді және ҚКХП бағдарламалық жоспарын жан-жақты насихаттайтын боламыз», - деп сайлауалды тұғырнамадан үзінді келтірді облыстық комитет жетекшісі.

Сондай-ақ, партия қызметкері батыстық құндылықтардың кері әсерін назардан тыс қалдырмады. Бұл мәселе де Т.Сыздықовтың сайлауалды үгіт-насихат науқанының негізіне енген тақырып: «Еуропалық елдерде тұтынушылық қоғам құрылымдарының қалыптасуынан туындаған батыстық мәдениет дағдарысы батыстық өркениеттің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік нормаларына деген наразылықтарына қарама-қайшы келуде.

Батыс мәдениеті бизнеске айналып, материалдық пайда іздеген мақсат оның басты шарты болды.

Ақылға қонымсыз батыстық бассыздық пен жалған жасампаздық ғасырлар бойы қалыптасып, тәртіпке айналған адамгершілік қасиеттерін көлеңкеге ысырып барады».

Өз кезегінде Т.Сыздықовтың Атырау облысындағы сайлауалды штабының жетекшісі Е.Дәулетқалиев аймақта үгіт-насихат науқаны қызу қарқын алғанын атап өтті.

«Біз аймақ жұртшылығымен, оның ішінде шалғай аудандардың тұрғындарымен кездесу өткізіп, оларға үгіт материалдарын таратып жатырмыз. Кандидатымыздың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырдық», - деді кандидаттың сенімді тұлғасы.

Оның айтуынша, үгіт жұмыстарында Интернетте әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері молынан пайдаланылуда. Онда ҚКХП өткізген іс-шаралар туралы материалдар жарияданады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатқанымызды атап өткім келеді. Журналистер біздің іс-шараларымызға белсенді қатысып, сәйкес материалдарын газеттерде жариялап, телеарналарда көрсетіп жатыр», - деді ол.

«Жалпы алғанда, ҚКХП ұсынған президенттікке үміткердің аймақтық штабы өз жұмысында ешқандай қиындық көріп отырған жоқ», - деп қорытты Е.Дәулетқалиев.

 

Барлық жаңалықтар