- Басты
- Жаңалықтар
- Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Ұлт көшбасшысы жақтастарының форумына қатысты
Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Ұлт көшбасшысы жақтастарының форумына қатысты
Шымкенттегі «Мұз сарайында» Ұлт Лидері жақтастарының Форумы өтіп, оған мыңнан астам оңтүстікқазақстандықтар қатысты. Форумның қатысушылары бірауыздан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдірді және 26 сәуірде өздерінің мықты Лидер, яғни, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үшін дауыс беретіндерін мәлімдеді.
Сөйлеген сөзінде облыстағы славян этномәдени орталығының төрағасы Юрий Кирюхин, бүгінгі таңда түрлі саладағы еліміздің табыстарын қазақстандықтардың Ұлт Лидері Н.Ә.Назарбаевтың есімімен байланыстыратындарына тоқталды. .
«Бұл өте лайықты баға. Және бүгінгі таңдағы әрбір қазақстандықтың парызы, әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң нәтижелерге жетуге барынша ықпал ету, сондықтан да бұл жұмысты әр түрлі деңгейде біздің мемлекетіміздің мүддесін қорғай білетін Елбасыға сеніп тапсыру дұрыс болады!», - деді өзінің сөйлеген сөзінде Ю.Кирюхин.
Түркістанда РҚШ мүшелері қоғам өкілдерімен жүздесті. Батыр-ана Татьяна Саурынбаева өз жерлестерінің атынан Елбасыға алғыс айтты, ол республикамыздың табысты әлеуметтік саясатының –тікелей Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі екенін атап өтті. Оның сөзін физика пәнінің мұғалімі Зүбәйра Сүлейменова да қолдады.
«Жауынгер-интернационалистің жұбайы ретінде мен бейбітшілік пен келісімнің құнын, ұстаз және ана ретінде, балаларымыздың дамуы үшін жағдай жасау бойынша істеліп жатқан шаралардың қаншалақты маңызды екенін жақсы білемін. «Серпін» бағдарламасының арқасында менің ұлдарымның бірі тегін негізде жоғары білім алуда. Тұрақтылық пен бейбітшіліктен маңызды ештеңе де жоқ, біздің елімізде оған Елбасының дана саясатының арқасында қол жетіп отыр», - деп атап өтті Зүбәйра Сүлейменова.
РҚШ мүшелері Кентау қаласында болып, онда трансформатар зауытының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында зауыттың инженер-конструкторы Әділбек Тәжібаев өзінің кәсіби жолын таңдауға техникалық мамандықтарды игеру қажеттілігі туралы Мемлекет басшысының үндеуінің себепші болғанын тілге тиек етті.
«Алматыдағы Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ тәмамдай салысымен, мен трансформатор зауытына келдім. Бүгінгі таңда зауыт инфрақұрылымының 90 % әлемдік үлгілерге жақындаған, жыл сайын көрсеткіштеріміз өсуде. Осының бәрі де Мемлекет басшысының өндірістік секторды қолдауының арқасында болып жатыр. Мемлекетті басқару – оңай міндет емес, ол әркімнің қолынан келе бермейді, бірақ бұл міндетті біздің Елбасымыз табысты іске асыруда! Біз, жастар, нұрлы болашақты жақтаймыз және ол болашақтың Елбасымен бірге болғанын қалаймыз!», - деді Әділбек Тәжібаев.
Кездесу барысында Оңтүстік-Қазақстан облысының тұрғындары Ұлт Лидері Н.Ә.Назарбаевқа бірауыздан қолдау білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді