• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Швейцарияны Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырады

Қазақстан Швейцарияны Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырады

8 Сәуір, 2015 19:52
Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов Швейцария Парламентінің депутаты , «Қазақстан-Швейцария» ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топтың жетекшісі Кристиан Мишпен кездесіп, екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңызды сұрақтарын талқылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Тараптар екі ел арасындағы әріптестіктің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын сөз етіп, өзара тиімді байланысты одан әрі тереңдетудің маңыздылығына әсіресе, саяси, сауда-экономикалық, көліктік-транзиттік салалардағы ықпалдастықты нығайтуға тоқталды.

Сейітсұлтан Әйімбетовтің атап өткеніндей,  Швейцария Қазақстаннның ең сенімді әріптестерінің бірі.

Екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 5 млрд долларға жуықтады. Ал, Швейцариядан Қазақстанға инвестиция көлемі 2013-2014 жылдар аралығында 10 млрд доллардан асты.

Еліміз дамуындағы маңызды мәселелер қатарында мәжілісмен Елбасының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатына тоқталды. Сондай-ақ, осы айда өтетін президенттік сайлау науқанына да айрықша көңіл бөлді.

Ал парламентаралық ықпалдастық жайын сөз еткенде,   С. Әйімбетов екі елдің заңнамалық органдары өкілдері тәжірибе алмасу мақсатында жиі іс-сапарлар ұйымдастыратынын, осы ретте қос мемлекеттің парламенттері арасындағы ынтымақтастық топтарының да зор рөл атқарып отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде Кристиан Миш ортақ мақсаттар аясында жиі кездесіп тұратындықтан, біздің елімізді туған үйіндей сезінетінін, Қазақстанның таңқаларалық жағдайда қарқынды дамып келе жатқанын сөз етті.

Мәртебелі мейманның айтуынша, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі де швейцариялықтардың айрықша назарында.

К.Миш алда болатын президенттік сайлау біздің еліміздің тұрақты дамуының нақты көрсеткіші екенін алға тарта келіп, қазақстандықтардың елдің жарқын болашағы үшін лайықты таңдау жасауына тілектестік білдірді.  

 

 

Барлық жаңалықтар