Әділет министрлігі электронды түрде 48 мемлекеттік қызмет көрсетуде

8 Сәуір, 2015 17:33
Әділет министрлігі электронды түрде 48 мемлекеттік қызмет көрсетуде, деді ОКҚ брифингінде Әділет вице-министрі Бақытжан Әбдірайым.

«Ақпарат ретінде айтатын болсам, әділет министрлігі көрсетіп отырған 53 мемлекеттік қызметтің 48-і электрондық түрде көрсетіліп отыр. Бұл мемлекеттік органдар ішіндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі», - деді Б.Әбдірайым.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, 2015 жылдың 1-ші шілдесінен бастап сот-наркологиялық 2016 жылдан бастап сот-псизиатриялық сараптамаға қызметті аудару жоспарланған.

«1 қаңтардан бастап сот медицинасы әділет министрлігіне көшті. Себебі оның жұмысы қылмыстық немесе азаматтық-қылмыстық істер жүргізумен тікелей байланысты. Жұмыстың негізгі басымдығы құқыққорғау органдарымен жұмыс істеу болып саналады», - деді ол.

Камила Амирова

 

Барлық жаңалықтар