• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әділет министрлігі Парламентке сот-сараптама қызметінің жаңа заң жобасын бағыттайды – Әбдірайым

Әділет министрлігі Парламентке сот-сараптама қызметінің жаңа заң жобасын бағыттайды – Әбдірайым

8 Сәуір, 2015 16:18
Әділет министрлігі Парламентке сот-сараптама қызметінің жаңа заң жобасын бағыттайды, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Әділет вице-министрі Бақытжан Әбдірайым.

«Әділет министрлігі сот-сараптама қызметі туралы жаңа заң жобасын әзірледі. Оның ішінде сот-сараптама қызметі саласында заңға сәйкес алшақтатылған мәселелер қарастырылды. Құжат жақын арада Парламентке бағытталады. Меніңше, жақын арада Қазақстанда жоғары білікті сараптама қызметі пайда болады», - деді Б.Әбдірайым.

Министрдің айтуынша, Әділет министрлігі заңға бірқатар өзгерістер енгізді.

«Құжатты әзірлеудің қажеттілігі бұл сала тұрақтылықты қалайды. Заң жобасында бірқатар тәртіптер қаралған, республикалық сот палатасын құру, оларды аттестациялау мен рұқсат беру мәселелрі қарастырылуда», - деді ол.

Камила Амирова

 

Барлық жаңалықтар