- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда Ұлы Жеңістің парадына қатысатын ардагерлер үшін біркелкі костюм тігілуде (Фото)
Талдықорғанда Ұлы Жеңістің парадына қатысатын ардагерлер үшін біркелкі костюм тігілуде (Фото)
«ҚР Қорғаныс министрлігінің шешімі бойынша майдангерлер мерекелік біркелкі костюм киетін болды. Осыған байланысты талдықорғандық тігіншілер ардагерлерге арнап киім тігу ісін бастап та кетті», - делінген хабарламада.
Талдықорғандағы «Ажар» тігін фабрикасы майдангерлердің киім өлшемдерін алып жатыр. Алғашқы өлшемге ҰОС ардагерлері Тоқтарбай Қанапиянов, Хасан Боранбаев, Алтынай Есболатова барды. Олармен бірге Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев та фабрикаға атбасын бұрды.
«Ажар» тігін фабрикасының директоры Хамидолла Ержановтың айтуынша, кәсіпорын мамандары аудан-аудандарды аралап, соғыс ардагерлерінің киім өлшемдерін алмақ. Тапсырыстың барлығы сәуір айының соңында дайын болады.
Еске сала кетсек, ҚР Қорғаныс министрі бекіткен форма біркелкі болады және матасы да бірдей. Майдангерлердің мерекелік костюмін тігуді облыстық ардагерлер кеңесі қаржыландыратын болады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады