- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазАльянстың» қатары Германия мен Ресейдегі қазақстандық студенттер ұйымдарымен толықты
«ҚазАльянстың» қатары Германия мен Ресейдегі қазақстандық студенттер ұйымдарымен толықты
Германиядағы Қазақстан студенттері қауымдастығы және Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларындағы қазақстандық студенттер бірлестіктерінің өкілдері біртұтас бірлестіктің бір бөлігі болуға ниеттеніп, шалғай қашықтыққа қарамастан бірыңғай ақпараттық алаңның қажеттілігіне бірауыздан келісті.
«Бүгінде Ресей ЖОО Қазақстан студенттері қауымдастығы құрамына 27 000 адам кіреді. Олардың ішінде ең ірілерінің бірі Мәскеу қаласындағы қазақстандық студенттер бірлестігі және Санкт-Петербург қаласындағы «Достар» бірлестігі. Біздің бүгінгі бірігуіміз басқа қалалардағы студенттер ұйымдары үшін үлгі болады деп ойлаймыз», - дейді Ресейдегі қазақстандық студенттер ЖОО бірлестігінің төрағасы Бахтияр Қожамжар.
Ресей мен Германия ыңғайлы географиялық орналасуына және олардағы тегін немесе оқу ақысы төмен оқу орындарының көп болуына байланысты қазірде қазақстандық студенттердің ең көп шоғырланған елдердің бірі. «Қазальянс» аясына бірігу идеясын мұның алдында америкалық, корей және кейбір еуропалық оқу орындарының студенттері қолдап, оның құрамына ену туралы декларацияға қол қойған болатын.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады