Астанада ЕАЭО шеңберінде еңбек көші-қон мәселелері талқыланды

8 Сәуір, 2015 18:03
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Консультативтік кеңестің төрағасы, ЕЭК экономика және қаржылық саясат министрі Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссияның жанындағы Көші-қон саясаты бойынша Консультативтік комитеттің үшінші отырысы өтті, деп хабарлады ҰЭМ.

«Әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу тапсырмасын жүзеге асыру үшін – көші-қон процесстерін реттеу шетел жұмысшыларын шақыру арқылы экономиканың қажеттіліктерін жоғары мамандырылған кадрлармен қамтамасыз ететін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыты болып табылады», - деп хабарлады Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Тараптар бірқатар сұрақтарды талқылады, олардың ішінде ЕАЭО жұмыскерлердің зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім,  ЕАЭО ішкі шекараларындағы шекаралық бақылауды жеңілдету, мемлекеттерде ЕАЭО Келісіміндегі «Жұмыс көші-қон» бөлімінің ережелерін тәжірибеде қолдану. Вице-министрдің айтуы бойынша Одақ шеңберінде жұмыс істеуге рұқсат алу талаптарын жою өзара көші-қон ағындарының динамикасына жағымды әсерін тигізеді. 

2014 жылы Беларусь Республикасында 3,9 есе және Ресей Федерациясында 27% еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстандың азаматтар санының өсуі байқалады. 

Қазақстанда Беларусь Республикасының 1,6 есе және Ресей Федерациясының 22% жұмыскерлері санының өсуі байқалады. 

Консультативтік кеңестің міндеттерінің бірі бірыңғай көші-қон саясатын жүзеге асыру үшін келісімдік-құқықтық базасын құруда кеңестер өткізу және ұсыныстарды құру болып табылады. 

Консультативтік кеңестің отырыстарында еңбек көші-қон және ЕАЭО кеңістігінде еңбек ресурстарының еркін жүруін қамтамасыз ету салаларындағы келісілген саясатты құрудың өзекті мәселелері талқыланады.

Барлық жаңалықтар