- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат экономикалық саясат туралы бірқатар заң жобаларын қарады
Сенат экономикалық саясат туралы бірқатар заң жобаларын қарады
«Заң жобасының мақсаты тариф белгілеу процесі мен табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын жоғарылату, табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету, негізсіз шығындарды жою және тарифтік рәсімдерді оңтайландыру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, өтінімдерді қарау рәсімдерін және уәкілетті органның шешім қабылдауын оңайлату болып табылады», - делінген хабарламада.
Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Заң жобасын талқылау барысында Сенаттың тұрақты комитеттерінің ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына түзетулер енгізу қажеттілігі туындады. Мәселен, көлік құралдарының ақылы автотұрақтарда аялдауы немесе тоқтап тұруы қағидаларын бұзуды, ақылы автотұрақтарда төлем төлеуден, қала бағыттарындағы қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын төлеуден жалтаруды болдырмау мақсатында бұл тыйымды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастыру, одан басқа, қалалық қоғамдық көлікте тарифтерді жүрілген аялдама пункттерінің арақашықтығына қарай айқындау мақсатында «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында сараланған тарифті қарастыру ұсынылады.
Комитеттің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралды.
Заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы заңнамасының нормаларын жетілдіру және орын алған олқылықтар мен коллизияларды жою болып табылады.
Заң жобасымен Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді, сондай-ақ «Жарнама туралы» және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Бүгін сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Заң жобасы мемлекеттік активтерді басқару саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, еліміздегі бизнес қатысатын экономика салаларындағы мемлекеттің қатысу үлесін шектеу үшін құқықтық негіздерді бекіту мақсатында әзірленді, ол бәсекелестікті жетілдіруге және жеке кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдеседі.
Заң жобасымен мемлекеттік функциялар мен компанияларды жекеше секторға беруге негізделген жекешелендіру құралын, сонымен қатар мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу дәрежесін айқындауды білдіретін қағидаттарды бекіту ұсынылады. Бұл Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуына жаңа серпін беруге мүмкіндік жасайды және іскерлік пен инвестициялық климаттың жақсаруына жұмыс істейді.
Заң жобасымен мемлекет активтерін бәсекелестік ортаға беру тетіктері, мемлекеттің мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде құрылған компаниялардан шығу міндеттері, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды құруға шектеулерді енгізу көзделген.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы