- Басты
- Жаңалықтар
- ОСК Ақмола облысында кезектен тыс сайлауды өткізу бойынша семинар өткізді
ОСК Ақмола облысында кезектен тыс сайлауды өткізу бойынша семинар өткізді
Семинар жұмысына Ортсайлауком мүшесі Т. Охлопкова, Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, Бурабай, Бұланды, Ақкөл және Еңбекшілдер аудандарының әкімдері аппараттарының басшылары, халықаралық және отандық байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиналғандардың алдында сөйлеген сөзінде Т. Охлопкова семинарға қатысушыларды сайлау ұйымдастырушылар қызметінің сайлау науқанын әзірлеу және өткізуге байланысты негізгі мәселелерімен таныстырды.
Сондай-ақ сайлауды байқауды жүзеге асыру, сайлау науқанын қаржылық, материалдық-техникалық, ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.
Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі О. Добычинаның сөйлеген сөзінде сайлау заңнамасының нормаларын бұзудың құқықтық салдарына, сайлау рәсімдерін жүргізуде осындай заң бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау түрлері мен әдістеріне арналды.
Болған пікірсайыс шеңберінде семинарға қатысушылар құқық қолдану тәжірибесінің неғұрлым өзекті мәселелерін, сондай-ақ дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру аспектілерін талқылады.
Әдістемелік құрал ретінде жиналғандарға дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссияларының жүмысы туралы Орталық сайлау комиссиясының тапсырысы бойынша дайындалған оқу фильмі ұсынылып, көрсетілді.
Семинар нәтижелерін қорытындылай келе, Т. Охлопкова: «Бүгін біз сайлау комиссияларының дауыс беру қарсаңындағы күнгі және дауыс беру күнгі іс-әрекеттерін жан-жақты талқыладық. Сайлау заңнамасы нормаларының бұлжытпай сақталуын қамтамасыз ету және әр азаматтың өзінің конституциялық сайлау құқығын іске асыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасау сайлау ұйымдастырушылардың барлығының басты міндеті болып табылатынын тағы атап көрсеткім келеді», - деп атап өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді