- Басты
- Алматыда «Жастар – болашақтың энергиясы» атты спорт фестивалі өтеді
Алматыда «Жастар – болашақтың энергиясы» атты спорт фестивалі өтеді

«Алматының тұрғындары мен қонақтары Тесланың үлкен электр шоуын тамашалай алады. Теңдесі жоқ бұл шоу «Жастар – болашақтың энергиясы!» атты халықаралық спорт фестивалі шеңберінде 10 сәуір күні Б. Шолақ атындағы Спорт сарайында өтпек. Көрермендер жоғары кернеулі электр қуаты көмегімен әуендерді нақышына келтіре орындайтын өнер түрінен ләззат алып, найзағайдың жарқылын қызықтай алады», - делінген хабарламада.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мұрындық болған фестивальде музыкалық және спорттық қойылымдар көрсетіледі. Іс-шара қала жастарын белсенді өмір салтына қызықтырып, спортпен шұғылдану бұл пайдалы әрі көңілді іс екенін олардың санасына құюды мақсат тұтады.
Спорт сарайында көшеде шұғылдануға болатын трикинг, стрит воркаут, скейтбординг, стритбол, футбол фристайлы секілді спорт өнерлері көрсетілетін болады. Өз шеберлігімен жұртты тәнті ету үшін Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Украинаның ең үздік спорттық командалары фестивальге қатысайын деп отыр.
BMX велосипедіне мініп әуеде қалықтай спорттық трюктарды орындайтын тәсілқой спортшылар көрермендер назарына акробаттық шоуды ұсынады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі болса да, өнерден кенже болмаған паралимпиада спортшылары мен бишілері де өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр. Олар спорт пен бидегі өз жетістіктерін паш етпек.
Шоу спорттық ойындармен шектеліп қоймай, сонымен бірге, ұйымдастырушылар музыкалық қойылымдарды да дайындап отыр.
-
Меморгандардың ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына қойылатын талап күшейтілмек
-
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция
-
Қ.Тоқаев: Локдауннан ертерек шығудың бірден-бір жолы – вакцина
-
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі
-
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім
-
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары
-
Ұлт ұстазы – Ыбырай Алтынсарин
-
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді
-
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек
-
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі
-
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
-
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева

