- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облысындағы кәсіпорын Таранов ауданының әлеуметтік жобалары үшін 35 миллион теңге бөледі
Қостанай облысындағы кәсіпорын Таранов ауданының әлеуметтік жобалары үшін 35 миллион теңге бөледі
Әкімдіктің хабарлауынша, аталмыш меморандум аясында «Варваринское» акционерлік қоғамы тарапынан әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 35 миллион теңге бөлінді. Қаржы ауданның білім беру және денсаулық сақтау саласын қолдауға жұмсалады.
«Таранов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 1 орта мектебі» мекемесі жанындағы интернатты жөндеуге 29 миллион теңге бөлінсе, тағы 4,5 миллион теңге Таранов аудандық ауруханасының стоматологиялық кабинетін жабдықтауға жұмсалады. 1,5 миллион теңге Асенкритовка ауылындағы балалар ойын алаңына қажетті құрылғы алуға жіберілмек.
Естеріңізге сала кетейік, 3-наурыз күн «Варваринское» компаниясы мен Қостанай облыстық әкімдігімен әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын. Аталмыш құжаттың аясында 115 миллион теңге бөлінбек.
Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, меморандум аясында бөлінген қаржының 80 миллион теңгесі «Тобыл» футбол клубының аясындағы балаларға арналған спорт мектебін қолдауға, 5 миллион теңге облыс орталығынынан балаларға арналған ойын алаңдары салып, Лисаковск қаласының боксерлар клубын жарақтандыруға жұмсалады. 10 миллионға жастарға арналған іс-шаралар қаржыландырылса, Тобыл ауылындағы медициналық амбулаторияны құрылғылармен қамтамасыз етуге 20 миллион теңге жұмсалады.
Хабарламада «Вараваринское» акционерлік қоғамының тарапынан әлеуметтік жобаларды қолдауға бөлінген қаржы көлемі жыл сайын артып отырғандығы айтылған. 2014 жылы әлеуметтік жобаларға компания 122 миллион теңге бөлсе, 2015 жылы бұл сома 150 миллион теңге болды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді