- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Семейдің зиялылар қауымымен кездесті
Елбасы Семейдің зиялылар қауымымен кездесті
Елбасы мұнда музей жәдігерліктерімен танысты және Семей қаласының шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысы мәдени және рухани мұраларға бай екенін, оларды сақтау мен дамыту мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
«Шығыс Қазақстан – Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов туған киелі мекен. Олардың шығармаларында терең философия тұнып жатыр. Ұлы Абай барлық ұлттар бір әулеттің балалары екенін жүз жыл бұрын айтқан. Біз бүгін елдегі достықты, тұрақтылықты нығайтудамыз. Көптеген елдер 100 жылда да жетпеген нәрсеге біз небәрі 23 жылда қол жеткіздік. Егер тәуелсіздік сақталмаса, ел экономикасы дамымаса және әлеуметтік мәселелер шешімесе, халыққа игілікке кенелмейді. Бүгінде барлық бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұрын Семейде жылу беруге байланысты проблема болды, 200 қазандық қаланы түтінге орайтын. Қазір бұл проблеманың бәрі шешілді. Біз Семей ГЭС-ін салу мәселесін ойластырып жатырмыз. Жалпы, Қазақстан дұрыс жолда келеді, саяси тұрақтылықты, өзара түсіністікті және достықты сақтау қажет», – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткен қолдаулары үшін кездесуге қатысушыларға алғыс айтып, еңбекте табыс тіледі. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы 1940 жылы құрылған.
20 мыңнан астам жәдігерлік сақталып отырған мекемеде 82 адам жұмыс істейді. Музей экспонаттары қатарында Абай дәуірін, оның қоғамдық қызметін сипаттайтын түпнұсқа құжаттар, этнографиялық және мұрағаттық материалдар, Шығыс классиктерінің сирек кітаптары, батыс философтарының шығармалары, ақын замандастарының естеліктері бар.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Еліміздің тәуелсіздігіне жол салған «Алашорданың» құрылғанына 100 жыл -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Тель-Авивте Астана күніне және Елбасының 80 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті