• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев Семей қаласындағы онкологиялық диспансердің жұмысымен танысты

Н.Назарбаев Семей қаласындағы онкологиялық диспансердің жұмысымен танысты

8 Сәуір, 2015 12:41
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семей қаласындағы өңірлік онкологиялық диспансерде болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы нысан жұмысымен танысып, жаңа медициналық құралдармен жабдықталған орынжайларды аралап көрді.

Қазақстан Президенті сондай-ақ еңбек ұжымы өкілдерімен әңгімелесіп, қаланың медициналық мекемелері қажетті емханалық және диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп отырғанын айтты.

«Бұл кешенге мемлекет 7,2 миллиард теңге бөлді, соның 4 миллиарды заманауи жабдықтар алуға арналған. Бұл – ядролық медицина элементтерін қолданатын Қазақстан үшін бірегей мекеме.  Енді осы жабдықтарды халыққа кәсіби көмек көрсету үшін барынша тиімді қолдану сіздерге байланысты. Бүкіл ел бойынша денсаулық сақтау саласын дамытудың арқасында азаматтардың орташа өмір жасы соңғы он жылда 64-тен 71-ге дейін ұлғайды», – деді Мемлекет басшысы.

Диспансерде онкологиялық науқастарға амбулаторлық-емханалық, стационарлық және стационар алмастыру формасында мамандандырылған әрі жоғары білікті медициналық жәрдем көрсетіледі. Медициналық мекемеде 413 адам қызмет етеді.

Барлық жаңалықтар