• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша заңнамаға енген өзгерістерді қабылдады

Мәжіліс исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша заңнамаға енген өзгерістерді қабылдады

8 Сәуір, 2015 12:28
Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар бұрын Мәжіліспен мақұлданған Сенаттың «Сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына енгізген түзетулерімен келісті.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, аталған заңмен сақтандыру тарифтерінің мөлшері мен оларды төлеу тәртібін өзгерту, сақтандыру төлемдерін синхрондау және оңтайландыру, жұмыскердің кінәсі болған немесе болмағанына қарамастан сақтандыру төлемін іске асыру бойынша норманы алып тастау, еңбекке қабілеттілігінен 0-ден 29%-ға дейін айырылған жағдайда жұмыс берушіге төлемақыны беру, келген залалдың орнын толтыру есебінен төлемдерді индексациялауға бірегей әдіс енгізуге қатысты бөлігінде «Жұмыс (қызмет) міндеттемелерін атқару барысында қайғылы оқиға орын алған жағдайда жұмыскерді міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. 

       

Барлық жаңалықтар