• Басты
  • Қазақстанның қоғам қайраткерлері мен ғалымдары ҚХА-ның Қазақстан халқын біріктірудегі рөлін талқыға салуда

Қазақстанның қоғам қайраткерлері мен ғалымдары ҚХА-ның Қазақстан халқын біріктірудегі рөлін талқыға салуда

8 Сәуір, 2015 11:58
Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 20 жылдығына арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның Қазақстан халқын біріктірудегі рөлі» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.

Конференцияда этно саясат, жаһандану дәуірінде халықаралық мәдени ынтымақтастықты арттыру және төзімділікті қалыптастыру саласына қатысты өзекті мәселелер талқылануда.

«Бүгін біздің университетімізде ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде және оның күн тәртібіне «Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның Қазақстан халқын біріктірудегі рөлі» сияқты бүгінгі таңда өте маңызды әрі өзекті болып табылатын мәселе қойылып отыр. Аталмыш мәселенің өзектілігін  қазіргі қалыптасқан саяси жағдай айқындап отыр. Әлем бұрын соңды дәл бүгінгідей әлсіз болған емес, біз де дәл бүгінгідей алаңдаушылықта өмір сүрген емеспіз»,-деді Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ҚХА кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков.        

Бұл ретте ол Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық 17 миллион қазақстандықтың мүдделерін ескеруші жалпыұлттық институт болып табылатындығын атап өтті.

Айта кететін мәселе шара барысынада ҚХА-ның өкілдері, шет мемлекеттердің елшілері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен ұстаздары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғылыми қызметкерлері, этомәдени бірлестік өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлінің Қазақстан қоғамын біріктірудегі негізгі бағыттарын талқыға салуда. Олар Қазақстандағы этонодемографиялық үдерістердің тарихы, Қазақстан халқы Ассамблеясы теңдесі жоқ қоғамдық институт ретінде, ҚХА-ның жұмысын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, этносаясаттағы әлемдік тәжірибе сияқты өзгеде бірқатар тақырыптар негізінде талқыға түсуде.    

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар