- Басты
- Жаңалықтар
- «Егінжай» бағдарламасы бойынша тауар өндірушілерді қаржыландыру басталды – ҚазАгро
«Егінжай» бағдарламасы бойынша тауар өндірушілерді қаржыландыру басталды – ҚазАгро
««Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – «ҚазАгро» Холдингінің еншілес компаниясы «Егінжай» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 75 255 гектар жерге дәнді дақылдар егу үшін 456,6 млн. теңгеге 123 несие берді. Бұл бағдарлама бойынша қаржыландыру жалғасуда», - делінген хабарламада.
Қор кішігірім жер телімдері бар ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді көктемгі дала және күзгі жиын-терім жұмыстары кезінде қолдау мақсатында 2010 жылдан бері «Егінжай» бағдарламасын жүзеге асырып келеді.
Несие 1 млн. теңгеден 6 млн. теңгеге дейін беріледі. Сондай-ақ, Қор қарыз алушыларға ыңғайлы болуы үшін 3 жылға дейінгі «несиелік желі» жүйесін енгізді. Яғни, қарыз алушы алғашқы жылы ең көбі 18 айға дейін қарыз алып (бұл уақыт дәнді дақылды егіп, жинап, өткізуге жететін мерзім) несиеден құтылған соң, келесі жылы құжаттарды қайта жинамай, осы желі аясында Қордан келесі жылға тағы несие алуына мүмкіндік береді. Несие жылдық 9,5% үстемемен (тиімді жылдық сыйақы үстемесі – 10,2% аспайды) беріледі.
«Ағымдағы жылы Қор өз қаржысынан 1 980,0 млн. теңгеге, оның ішінде 500,0 млн. теңгені шағын несие/ шағын қаржы ұйымдары арқылы шаруаларды қаржыландыруды жоспарлап отыр»,- дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Нармұқан Сарыбаев.
Жалпы 2015 жылы «ҚазАгро» ҰБХ» компаниялар тобымен көктемгі дала және күзгі жиын-терім жұмыстарына барлық қаржыландыру көздерін есептегенде (техника лизингін қоса алғанда) 97 млрд. теңге бағытталады деп жоспарланып отыр. Бұл соммаға көктемгі дала және күзгі жиын-терім жұмыстары үшін ҚР Үкіметі Қаулысына сәйкес 60 млрд.теңге көлемінде Холдингқа берілген бюджеттік несие де кіреді. Бюджеттік несие қаржысы отандық тауар өндірушілерді егін егу шарасы кезінде қаржыландыру үшін «ҚазАгро» құрылымындағы дамыту институттарымен қатар, екінші деңгейлі банктерге де бағытталады.
2010 жылдан бері ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді көктемгі дала және күзгі жиын-терім жұмыстары кезінде қолдау аясындағы «Егінжай» бағдарламасымен Қор 5 043 млн. теңгеге 1331 шаруаны несиелендірді. Сонымен қатар, мақта өсіруші шаруаларды қолдау үшін 1 500 млн теңгеге «Ырыс» шағын несие ұйымы қаржыландырылды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша: Алматы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облыстары көш басында тұр.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі