- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысының ҰОС-ның ардагерлері Жеңіс күніне орай 200 мыңға жуық теңгеден алады
Маңғыстау облысының ҰОС-ның ардагерлері Жеңіс күніне орай 200 мыңға жуық теңгеден алады
«Біз биылғы жылы атаулы датаға байланысты облыс әкімдігіне бірмезгілдік жәрдемақы бойынша ұсыныс енгіздік. Біз барлық жәрдемақылардың көлемін арттырдық. Мысалы Ұлы Отан соғысының ардагерлері 2014 жылы 100 мың теңге алған болса, бұл соманы биыл біз 100 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) жеткіздік. Теңгемен алатын болсақ, бұл 198 мың 200 теңгені құрайды. Маңғыстау облысында 1-сәуірдегі мәліметтер бойынша, 60 ардагер бар»,-делінген хабарламада.
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ойластыруымен төлемдердің көлемі айлық есептік көрсеткішке негізделді. Мұндай тәсіл инфляция өсіміне орай көрсеткіштердің өздігінен теңдестіріліп отыруына мүмкіндік береді.
Маңғыстау облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 1 мың 299 азамат бар, олардың барлығы да жергілікті бюджет есебінен түрлі төлемдермен қамтамасыз етілетін болады. 60 адам 100 АЕК-тен алады, бұл 198 мың теңге. Еңбек майданы мен түрлі медальдармен наградталғандар мен наградталмағандар 40 АЕК-тен алады, бұл 80 мың теңге. Өткен жылы олар небәрі 10 мың теңгеден алатын, бұл жолы сома 8 есеге артты. Сөйтіп, 109 наградталған тыл еңбеккерлері мен 1 мың 26 наградталмаған азамат бір мезгілдік төлемдермен қамтамасыз етіледі.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады