• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ауғанстан Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды әріптесі ретінде қарастырады

Ауғанстан Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды әріптесі ретінде қарастырады

8 Сәуір, 2015 17:13
Ауған жаңа үкіметінің мүшелерімен жұмыс байланыстарды орнату, сондай-ақ екі жақты қарым-қатынастардың жақын болашақтағы даму мәселелерін талқылау мақсатында, 2015 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Елшісі Өміртай Бітімов Ауғанстан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Салахуддин Раббанимен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Сұхбат барысында, екі ел Сыртқы істер министрлігінің басшылығы арасындағы Қабыл қаласында алдағы саяси консультациялардың, Қазақстан-Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының кезекті 7-ші отырысының және Ауғанстан президенті М. А. Ғанидің елімізге сапарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

«С. Раббани мемлекетімізді Орталық Азиядағы маңызды әріптесі әрі достас және бауырлас ел ретінде қарастыратынын айтты. Қазақстан дамуының үлкен жетістіктерін және Республика басшысы Н. Назарбаевтың рөлін айрықша атап отырып, С. Раббани тұрақты түрде мұқтаждық көріп отырған ауған халқына көрсетілетін ізгілік көмек үшін ҚР Үкіметіне ризашылығын білдірілді. Мемлекеттік білім бағдарламасының жалғастырылуына және елімізде ауған ұлттық кадрларын даярлауының ұзартылуына мүдделігін білдірді. Аталған бағдарлама шеңберінде қазақстандық жоғары оқу орындарында 2010 ж. бастап мыңға жуық ауған азаматтары бейбіт мамандықтары бойынша даярланып жүр», - делінген хабарламада.

Ауған министрі Қазақстанға алғаш рет 1999 жылғы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Саммитіне қатысқан әкесі Ауғанстанның бұрынғы президенті, лаңкестер қолынан қаза тапқан Бурхануддин Раббанимен бірге келгенін айтты. Сол сапарда Алматыдан үлкен әсер алғанын, ал енді, көпке жақсы танымал Қазақстанның жаңа Елордасы – Астананы көргісі келетінін мәлімдеді.

 

 

Барлық жаңалықтар