• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ІІМ-де Қазақстан мен Македонияның жемқорлықпен күрес саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

ҚР ІІМ-де Қазақстан мен Македонияның жемқорлықпен күрес саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

8 Сәуір, 2015 14:56
ІІМ-де Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымовтың Македонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Илья Псалтировпен кездесуі өтті, деп хабарлады ведомство.

Кездесуге қатысқандар қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті күзету және есірткіге қарсы күрес бағытындағы қазақстандық-македониялық ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір алмасып, осы саладағы екіжақты халықаралық келісімшарт жасасу мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу өзара түсіністікке, конструктивті диалогқа құрылды.

 

Барлық жаңалықтар