- Басты
- Жаңалықтар
- Еліміз өсіп – өркендеп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, татулығымыз мәңгілік болсын – ардагер
Еліміз өсіп – өркендеп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, татулығымыз мәңгілік болсын – ардагер
Кездесу Шымкент қаласы №105 Мукими атындағы жалпы орта мектебінде өтті. Шара барысында жиналғандар назарына мектеп оқушылары ұйымдастырған концерттік бағдарлама ұсынылды. Онан соң қарт майдангер өрт сөндіру бөлімінің тыныс - тіршілігімен танысып, ел қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жүрген жауынгерлерге шын алғысын білдірді.
«Еліміз өсіп – өркендеп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, татулығымыз мәңгілік болсын. Соғыс ешқашан болмасын»,- деді ардагер өз тілегінде.
Қалтай Бектасов - соғыс жылдары майданда байланысшы болған. От пен оқтың ортасында желіні жүргізіп, Жеңіс күнін жақындатуға өз үлесін қосқан азамат.
Соғыс аяқталған соң Жапон ұрысына қатысып, елге тек 1946 жылы оралған. Отанға келгесін ол «Тоғыс» кен орнында шахтер болып қызмет атқарып, зейнетке шығады. Өз іскерлігінің арқасында бірнеше рет ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.
Ел алдындағы ерен еңбегі еленіп, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілген Қалтай Бектасов, жасы 90-нан асса да әлі тың, қимылдары ширақ. Жұбайы екеуі 7 ұл-қыз тәрбиелеп, барлығын да азамат қатарына қосқан.
-
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Елімізде тұрғын үй бағасы неліктен қымбаттады -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу